Инфрақұрылымды дамыту

ОҚО- да оқу ғимараты мен жатақхана қолданысқа берілді

Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының орталығы − Шаян елді мекенінде №19 колледждің 360 орындық жаңа оқу ғимараты мен 180 орындық жатақханасы пайдалануға берілді, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оңтүстік Қазақстан28 Желтоксан , 11:30

«Оқу орнының ашылу салтанатына облыс әкімі А.Мырзахметов қатысып, аудан тұрғындарын үлкен қуаныштарымен құттықтады. Облыс басшысы өз сөзінде бүгінгі еңбек нарығы кәсіптік мамандықтар иелеріне зәру екендігін айта отырып, мұнда жастардың кәсіптік білім алуларына барлық мүмкіндіктер жасалғандығын жеткізді», - делінген хабарлады.

Оқу ғимаратында 15 оқу кабинеттері жабдықталған. Оның ішінде 6 − арнайы технология, 6 − лингофон және 3 − информатика кабинеттері бар. Одан бөлек химия, биология, физика пәндеріне арналған кабинеттер мен ұстаздар және әдістемелік көмек көрсету бөлмелері, зертханалар қарастырылған. Озық сәулет үлгісімен салынған ғимаратта дәрігерлік көмек көрсету және жуыну бөлмелері, 8 оқу шеберханалары, 90 орындық асхана, 44 орындық кітапхана, 156 орындық мәжіліс залы және спорт кешені орналасқан.

Аталмыш оқу орны 1958 жылы бұрынғы Алғабас ауданы, Жамбыл елді мекеніндегі Жүзімдік машина-трактор стансасының базасында құрылған. Арнайы ғимараты болмаған оқу орны әр жылдары Қызылжар, Жамбыл,  Шаян елді мекендеріндегі ескі ғимараттарда орналасқан  болатын.  

Бүгінгі таңда бұл жаңа заманауи ғимаратқа ие болған оқу орнында «тігінші», «ауыл шаруашылық өндірісіндегі тракторист-машинист», «электр құралдарын жөндеуші электромонтер» мамандықтары бойынша барлығы 338 адам білім алуда.        

 

 

 




Яндекс.Метрика