EXPO-2017

Монако электромобильдерінің каршерингі: барлығына қолжетімді (ВИДЕО)

Еуропада сұранысқа ие электромобильдер және электромобильдерді каршерингтеудің заманауи жүйесі туралы ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Монако павильонында айтылды.
Астана қаласы 14 Шілде, 15:38

Қазір әлемде «каршеринг» (carsharing)  түсінігі таралып кеткен, ол – қала ішінде автомобильді қысқамерзімді жалға алудың түрі. Еуропаның әр елінде аталмыш сервис  тұрғындар мен туристер   арасында сұранысқа ие.  Егер Монако Князьдігінде болсаңыз,  аталмыш электромобильдерде жүрген тұрғындар мен туристерді көрген боларсыздар. Бұл жоба мен электромобильдердің  туристерге қолжетімділігі жайында  «Mobee» компаниясының менеджері  Николя Бюто айтып берді.

- «Mobee» компаниясы жайлы айтып берсеңіз,  электромобильді қалай пайдалану  керек?

- «Mobee» жобасы  2014 жылдың орта кезінде іске қосылды. Ол Монако тұрғындарына  тек электромобильдерді пайдалануға  мүмкіндік береді. Бұл- Монако Үкіметі мен Монаконың электр компаниясының бірлескен бастамасы. Монаконың электр компаниясы өз тарапынан  техникалық қолдауды қамтамасыз етсе, Үкімет бұл жобаның жеңіл жүзеге асуына септігін тигізді. Бұның ең басты басымдығы тұтынушы тек уақыт үшін ғана төлейді. Егер сіз  2 мин  12 секунд қана қолдансаңыз, сол уақыт үшін ғана есеп айырысасыз. Бұл орайда өзіңіз үшін бір айға қандай жоспар таңдағаныңызда болып отыр, алайда  орташа бағасы  сағатына  20 еуроны құрайды».

- Бұл көліктің түрі туристерге қаншалықты қолжетімді? Пайдалану кезінде проблема тууы мүмкін бе?

- Бүгінде туристерге арналған бірегей ұсыныс – сіз алдын ала сайтта автокөлікті броньдай аласыз, кейін қалағаныңыз бойынша қолдануға болады. Абонемент сатып алудың қажеті жоқ. Кез келген жерде көлікті тастап кете аласыз. Ең басты басымдық – Үкіметпен ынтымақтастық нәтижесінде автотұрақтың  тегін болуы.

Айта кетейік, сіз жерасты автотұрағына келесіз, автокөлігіңіздің номері тексерілген соң, кедергі ашылады, одан әрі тұрақ тегін болмақ.

Бүгінгі таңда Монакода  осы тектес   25 автомобиль жүреді. Барлық көліктер күніне  250 тұтынушыны тасиды. Елдің шағын болғанын есепке алсақ,  250 деген өте көп. Көліктер тек Княздік аймағында ғана қозғалады. Өзге елдерге шығу жоспары әзірге жоқ, себебі ол серіктестерге байланысты болып отыр.

 - Аталмыш көлік қалай қуат алады?

- Егер батарея отырған болса, оны үш сағаттай қуаттандыру қажет. Ел шағын болған соң, көліктер  2-3 шақырым ғана жүруі мүмкін. Бірақ, электромобиль  70 шақырым жүруге арналған. Егер де қуаты біткен жағдайда, автотұрақтарда қуаттағыш бар. Тәжірибе көрсеткендей, оған ешкім жүгіне қойған жоқ.

Электромобиль 2 адамға арналған – жүргізуші және  артқы жақтағы  орын. Бұл көліктің  түрін 18 жастан бастап қана жүргізуге болады.

Ақбота Күзекбай

Видео: Монако павильоны 





Яндекс.Метрика