Цифрлы Қазақстан 2020

Судың да сұрауы бар

2014 жылдың соңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына өзінің «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» деп аталған Жолдауын арнады. Осы Жолдауда Үкіметке елді индустрияландырудың жаңа, Екінші бесжылдығына өтудің жан-жақты жоспарын әзірлеп, нақты іске көшуді тапсырды.
Астана қаласы 14 Шілде, 11:16

«Бүгінде, алдымызда тұрған сын-қатерлерге жауап бере отырып, мен Қазақстанның «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты туралы жариялаймын. Мен 2015 жылға арналған халыққа жаңа Жолдауымды осыған арнаймын...» - делінген Жолдауда, Елбасы ең бірінші кезекте қара жердің күре тамырындай болған тас жолдарды ретке келтіріп, елдің шалғай аймақтарының орталықпен байланысын, көлік қатынасын арттыруға көңіл бөлуді тапсырды.

«Бірінші. Көліктік-логистикалық инфрақұрылымдарды дамыту. Ол макроөңірлерді хабтар қағидаты бойынша қалыптастыру аясында жүзеге асырылатын болады. Оның үстіне, инфрақұрылымдық қаңқа Астанамен және макроөңірлерді магистаралды автомобиль, теміржол және әуе жолдарымен  шұғыла қағидаты бойынша өзара байланыстырады. Бірінші кезекте, негізгі автожолдар жобасын жүзеге асыру қажет. Бұлар Батыс Қытай – Батыс Еуропа; Астана – Алматы; Астана – Өскемен; Астана – Ақтөбе – Атырау; Алматы – Өскемен; Қарағанды – Жезқазған – Қызылорда; Атырау – Астрахань» - деді Елбасы Жолдауда.

«Судың да сұрауы бар». Содан бері осы аталған жобаларға мемлекеттің бюджетінен, Ұлттық қордан және Халықаралық қаржы ұйымдарынан миллиардтаған қаржы құйылды. Қыруар қаржы салынған қара жолдың қызығын қараша халық қашан көреді? Ең ірі екі шаһардың арасындағы жол неге әлі күнге «ит шайнағандай»? Бүгінде нақты қай жолдар пайдалануға берілді? Тағы қандай тас жолдар күрделі немесе ағымдағы жөндеулерге зәру? Жаңа салынған жолдар ақылы бола ма?

Міне, осы мәселелер жұма күні сағат 17:00-де «Стратегия» пікірталас клубында талқыланады. Өткір сауалдарға берілетін мамандардың жауабын «Астана радиосының» тікелей толқынында тыңдап, «Strategy2050.kz» сайтында онлайн-трансляцияда көруге болады. Сондай ақ, тыңдармандарға өздерінің сұрақтарын қоюға да мүмкіндік бар.

Сонымен, жұма, 14 шілдеде «Стратегия» пікірталас клубының кезекті шығарылымы. 





Яндекс.Метрика