Индустрияландырудың келесі кезеңінің жоспары

Қарағанды облысында 700 жұмыс орнын ашқан 4 «зәкірлі» инвестициялық жоба жүзеге асты

Кеше Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішев Теміртауда Моноқалаларды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қарағанды28 Желтоксан , 09:48

«Бағдарламаны іске асырған уақыт аралығында өңірдің 8 моноқаласына 7 млрд 536 млн теңгенің 111 жобасы іске асырылған. Бұл қаражатқа аймақтың жағдайын жақсарту, көше жарықтандыруын қамтамасыз ету, жылыту жүйелерін жөндеу, көгалдандыру, балалар ойнау алаңын құру жұмыстары жүргізілді», - деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғабит Мұхамбетов.

Оның мәліметінше, облыста жалпы құны 9 млрд 335 млн теңгенің 4 «зәкірлі» инвестициялық жобасы іске асырылған. Ондағы ашылған жұмыс орны саны 679.Атап айтар болсақ бұлар – тігін өндірісін жаңғырту бойынша «Ютария LTD» ЖШС, Жезқазғандағы «Казтехфильтр» ЖШС арнайы техникасы мен автотранспортқа ішкі ысыту құрылғысы фильтрі өндірісі, Балқаштағы катод мысы зауыты мен Сарандағы үй құрылысы комбинаты «ККК Бетон» ЖШС.

Сонымен қатар, моноқалаларда 5,8 млрд теңгенің Индустрияландыру картасы бойынша 12 жоба іске асырылды. Әлеуметтік саладағы 42 нысанға жөндеужұмыстары жүргізілді және 32,3 км жол жөнделді.

«Нәтижесінде бұл қалаларда 70 пайыз шамасында облыстың өнеркәсіптік өнімі шығарылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2% артық. Құрылыс жұмыстарының көлемі бір жарым есеге артты. Бөлшек сауда айналымы артты және орта және шағын кәсіпкерлік саны өсіп, олардың өндіріс көлемі көбейді. Бұдан бөлек жұмыссыздар саны азайып, кедейлік деңгейі төмендеген», - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек 7 моноқалада 2014-2016 жылдарға арналған бюджет параметрлеріне енгізілген өзгерістерге байланысты өңірлік кешенді жоспарға өзгертулер енгізілмеді. Жекелеген моноқалаларда экономиканы әртараптандыру мен өнеркәсіптік өндірістің көлемін арттыру, «зәкірлі» жобаларды іске асыру, шағын және орта кәсіпкерліктің белсенділігін арттыру бойынша мақсатты индикаторларға қол жеткізілді.

Сөз соңында облыс әкімі 2014 жылы ірі жұмыстар күтіп тұрғанын айтты.




Яндекс.Метрика