«Балапан» бағдарламасын 2020 жылға дейін ұзарту

Ақмола облысының Қосшы ауылында жаңа балабақша ашылды

Бүгін 28 желтоқсан, Ақмола облысының Қосшы ауылында 280 адамға шақталған жаңа балабақша ашылды, деп облыстың ішкі саясат басқармасы хабарлады.
Ақмола28 Желтоксан , 09:43

«Жобаның сметалық құны 506,8 млн теңге. Мектепке дейінгі білім беру мекемесінің  үлесі Целиноград ауданында аталмыш  балабақша ашылғаннан  кейін  98 пайызды құрайды», - делінген хабарламада.

«Балапан» бағдарламасы аясында жыл басынан бастап  2,6 мың адамдық 30 мектепке дейінгі мекеме ашылды.

Аймақта 12 мектептің ішінен қолданысқа 4 мектеп берілді, олар: Қосшы, Қараөткел, Оксановка және Партизанка. 




Яндекс.Метрика