Үкімет

Бақытжан Сағынтаев Үкіметте бірқатар кездесулер өткізді

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкіметте бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлады primeminister.kz.
Астана қаласы10 Шілде , 15:54

Астанада Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Латвия Республикасының Президенті Раймондс Вейониспен кездесті.

Кездесу барысында жеңіл және тамақ өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, туризм салаларында, сондай-ақ білім беру, азаматтық авиация және медициналық туризм кадрларын даярлау саласындағы екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. 

Транзиттік-көліктік бағыттағы өзара іс-қимыл мәселелеріне және шағын және орта бизнесті дамытуға ерекше көңіл бөлінді.

Айта кетейік,  Қазақстан мен Латвия арасындағы сауда айналымы 2016 жылы 126,2 млн. долл. құрады (экспорт – 93,5 млн. долл., импорт – 32,7 млн. долл.).

2017 жылдың қаңтар-сәуірінде: $31,8 млн. (экспорт – $25,3 млн., импорт – $6,5 млн.). Бүгінде Қазақстанда 60-тан астам қазақстандық-латвиялық бірлескен кәсіпорындар жұмыс істейді.

Сондай-ақ,  Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Лондон Ситидің Лорд-мэрі Эндрю Пармлимен кездесті.

Кездесу барысында ірі трансұлттық компаниялармен өзара іс-қимыл, қаржы қызметтерін, шағын және орта бизнесті дамыту саласындағы экономикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

 




Яндекс.Метрика