Сыртқы саясатты жаңғырту басымдықтары

Астанада Қазақстан мен Қырғызстанның ынтымақтастық жағдайы талқыланды

Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Республикасының Елшісі Эсенгүл Өміралиеваны қабылдады, деп ҚР Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы27 Желтоксан , 17:49

«Кездесу барысында тараптар қазақстандық-қырғызстандық ынтымақтастық мәселесін талқылады.Оның ішінде екіжақты сауда, аймақтық көлік жобалары мен көші-қон мәселесін талқылады», -делінген хабарламада.

Келіссөз жүргізушілері Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы өзара әрекеттестіктің жағдайын талқылады.

Сондай-ақ, Сенатта үкіметаралық құжаттардың ратификациялануы да назарға алынды. Құжатта Қазақстанның Бішкек және Ош қаласында мектептердің құрылысын жүргізу жайында айтылған. Аталмыш келісімдер Н.Назарбаевтың 2012 жылы Бішкекке барған сапарында орнатылған болатын.




Яндекс.Метрика