Ақша-несие саясаты

2014 жылы ҚР-да электронды шот фактурасы енгізіледі

2014 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда жалған кәсіпкерлермен жасалған келісімдерді алдын ала анықтауға мүмкіндік беретін электронды шот фактурасы енгізіледі, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.
Казахстан27 Желтоксан , 16:47

«Электронды шот фактурасының енгізілуі ерікті түрде салық төлеушілерге бірқатар пайда әкеледі. Алдын ала болжам бойынша, кәсіпкерлік үнемдеуі жылына 5 млрд теңгеден асады екен», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, көлеңкелі экономика көлемін азайту мақсатында жеке тұлғалардың мүлкі мен кірісін декларациялауға өту жұмыстары жүргізілуде. Жаппай декларациялаудың басты мақсаты – көлеңкелі экономикамен күресі және салық төлеу барысын реттеу.

Айта кету керек, елімізде кіріс пен мүлікті декларациялауды енгізгеннен кейін халықтың салық төлеу мәдениеті артқан, жемқорлық азайып, көлеңкелі айналым төмендеді.

«Бүгінде көлеңкелі экономика барлық елдерде дерлік енгізілген. Қазақстанда кейбір мәліметтер бойынша, бұл көрсеткіш ЖІӨ-нің 20 пайызына жетеді», - деп нақтыланған хабарламада.




Яндекс.Метрика