Астана күні

Қ.Сұлтанов: Елорда көшірілгенде қалада 250 мың адам ғана тұратын

Қазақстанның жаңа астанасы қалай қалыптасты, қандай қиындықтар болды, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Астананы дамытудағы басты жетістіктері туралы Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов Астана күні қарсаңында Strategy2050.kz. АА тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында айтып берді.
Астана қаласы 06 Шілде, 11:04

- Қуаныш Сұлтанұлы, Астана биыл  19 жылдығын мерекелеуде. Қаланың жаңа бейнесін құруда әрбір тұрғын не жайында білуі тиіс?

-Астананың құрылысын өткен тарихымен білуі керек.Біз Тәуелсіздікке ие болмай тұрған кезде елордамыздың құрылысы туралы айта алмадық. Біз орталықсыз, яғни сол кездегі Мәскеу қаласынсыз ешқандай шешім қабылдай алмадық. Жаңа Астананың құрылысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың үлесі зор. 25 жыл ішіндегі қаланың, елдің жетістігі, әлемдік қауымдастық алдындағы мәртебе Елбасының еңбегі. Өткен жылдың  қараша айында  Парламенттің бірлескен  отырысында  тәуелсіздіктің  25 жылдығына арналған  декларацияны қабылдау туралы  депутаттардың бастамасы қабылданды. Аталмыш декларация заманауи мемлекеттілікті құруда тарихи экскурс жасады. Барлық бастама мен жасампаздықтың авторы Нұрсұлтан Назарбаев болды. 1994 жылы Елбасы заманауи Қазақстанның елордасын көшіру туралы ұсыныс жасады. Ол кезде қала Целиноград болатын, кейін Ақмола болып өзгертілді. Кеңес кезінде Хрущев ешкімнен сұрамастан қаланың атын Целиноград деп атаған болатын. Ол кезде ешкм өз пікірін айта алмады. 1997 жылы Астанаға барлық мемлекеттік институттар көшірілді. Ту, Елтаңба, Әнұран да көшірілді. Аз уақыттың ішінде қала қайта жанданды. Оң жағалауда қаншама жаңа үйлер пайда болды. Біз Ақмоланың жағдайын көрген болатынбыз, көп үйлердің жағдайы мүшкіл болды. Кейбіреуінің есінде қалмаған да шығар, бірақ біздің замандастардың есінде.

-Осы орайда жаңа елорданы салу үрдісі туралы не айтасыз?

- Астананың ескі бөлігі толық жаңартылды. Есілдің сол жақ жағалауында  жаңа инфрақұрылымдағы қала салынды. Қазір Сол жағалауда  200 мың тұрғын бар. Елорда енді ауыстырылғанда қалада  250 мың адам ғана өмір сүретін. Қазір бұл миллиондықтардың қаласы. ЭКСПО қалашықтың өінде  50 мың тұрғын өмір сүреді. Бұл үлкен жетістік. Бұл бастаманың барлығы Елбасының идеясымен дүниеге келді. Елордамен бірге экономикалық өсім де артты. Астана республиканың  құрылысы мен экономикасының қозғаушы күшіне айналды. Астанаға бой түзеп барлық облыс орталықтары салына бастады. Оңтүстік астанамыз Алматы да Астанадан кем емес, ол да қарқынды дамып жатқан қалалардың бірі. Нысандардың барлығы бірегей, ерекше сәулет өнерін паш етеді. ЭКСПО-ға дайындалу барысында әуежай, вокзал сынды әлеуметтік нысандар қайта жаңғырды.

Нысандар бір-біріне ұқсамайды. Қаламен тек қала тұрғындары ғана емес, шетелдік қонақтар да тамсанады. Астанамыз  өзге елдердің ірі қалаларымен терезесі тең түсті. Бұл  қалада тек экономикалық қана емес, рухани жаңғыру орын алды. Айта кетсек, Астана көшірілген кезде 7 пайыз болса, қазір қазақ ұлтының өкілдері  70 пайызға жетті. Қала бірліктің, келісімнің отынаны айналды.

- Сіз әуежай туралы айтып өттіңіз. Жақында  Астана әуежайына   Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді.  Бұл туралы өз пікіріңізді айтсаңыз.

- Меніңше, Мемлекет басшысының қызметі елдің жаңғыруы мен қайта құрылуында  жоғары бағаға ие. Бұл республика, халық  және қоғам алдындағы еңбектің бағалануы. Астана әуежайына Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру өте орынды шешім деп ойлаймын. Мұндай әдіс дүниенің 30-дан астам мемлекетінде бар. Тіпті, мынау іргеміздегі Әзербайжандағы ірі әуежай Гейдар Әлиевтің атымен аталады. Америкада «Кеннеди» атындағы әуежай бар. Сол сияқты бiз де ұлттық тарихымызды қадірлеу, халықтық тұлғаларымызды таныту, өзімізге ғана тән ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу арқылы Қазақстанды құрылымы берік, күш-қуатқа ие ел екен деп ұғындыра аламыз. Яғни, өзіміз ел-жұрт болып өз арамыздан шыққан азаматтың ерен еңбегін ескеріп, осылайша ардақтай алып жатсақ, оның ешқандай сөкеттігі де, айыбы да жоқ. Жаңадан салынған халықаралық әуежайда дүниежүзінің тәжірибесіне сай осындай шешім қабылданып жатқанына зор қуаныштымын

- Мемлекет басшысы  оның есімін қала нысандарына беруді аса ұнатпайды. Бұл бастамаларды көтеру қаншалықты дұрыс деп ойлайсыз?

- Кез келген жоғары мәдениетті адамға өзіне қатысты жағымды сөздерді  қабылдау үйреншікті жағдай. Бірақ, мақтап асыратын жағдай бір бөлек, еңбегіне орай бағалау бөлек. Мен өткен жылы  Астананы өзгертуге бастама білдірдім. Қазір де айтып жүрмін. Н.Назарбаевтың тарихи  үлесі ол астананы тұрғызды.  Ол – бұл қаланың сәулетшісі,  құрылысшысы. Мен өз тәжірибеме сүйеніп нық айта аламын, біз бір мәдениет орталығын салу үшін Мәскеуге сан рет баратынбыз. Сондықтан қазір мен үшін бұл өте қымбат. Қазір біз дербес ел ретінде барлық шешімді өзіміз қабылдаймыз. Бұл қалада жүздеген үйлер мен нысандар салынып жатыр, оның барлығы халық үшін. Бұл мәселені әрбір тұрғынға түсіндіру керек.

Сіз Елбасымен жеке таныссыз.  Сіздің пікіріңізше, Көшбасшымыз – Нұрсұлтан Назарбаев қандай?

-Н.Назарбаев табиғатынан үздік көшбасшы. Президент – талантты ұйымдастырушы, дана басшы. Ол барлық артықшылық пен кемішілікті ескеріп, жылдам шешім қабылдай алады. Егер әрбір жетекші Президентен үлгі алса өсер еді. Бұл тәжірибені республикалық, облыстық жетекшілер жүзеге асырып жүр. Президент халық үшін  барлық жағдайды туғызуда.

Қазір біз дамыған  30 елдің қатарына енуді көздеп отырмыз. Бұл өмір сүру көрсеткішін арттырады. Бізге елдің тағдыры маңызды. Барлық реформалар халықтың игілігі үшін жасалып жатыр.

Мен ең асыл қасиеттерді Елбасының бойынан көремін және үлгі алуға тырысамын.

- Әңгімеңіз үшін рақмет!

 Ақбота Күзекбай





Яндекс.Метрика