Ұлттық экономикамыздың жетекші күші - кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау

Халықаралық бизнес академиясы ОҚО кәсіпкерлеріне арналған мемлекеттік тілдегі бағдарлама дайындауда

Халықаралық бизнес академиясы ОҚО кәсіпкерлеріне арналған мемлекеттік тілдегі бағдарлама дайындауда, деп хабарлайды ОҚО Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.
Астана қаласы27 Желтоксан , 16:16

«Мемлекеттік тілдегі бағдарлама – ХБА бағдарламасы бойынша жаңа өнім. Қазіргі уақытқа дейін еліміздегі бірде бір кәсіпкерлік мектебі мұндай бағдарламаға иелік еткен емес. ХБА әлемнің алдыңғы қатарлы 300 кәсіпкерлік мектебінің тізіміне енеді. ХБА мен ОҚО кәсіпкерлер палатасы арасындағы әріптестік туралы меморандум түзіліп қойылған. 2014 жылдың қаңтар айынан бастап алғашқы бизнес-тренинг өткізіліп, ХБА-да оқуға топтарды қабылдау басталады», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, бұрынырақта айтылғандай, Кәсіпкерлер палатасы мен ОҚО Прокуратурасы арасында біріккен жұмыс жөніндегі меморандум түзілген еді. Келісімнің басты мақсаты ОҚО кәсіпкерлерінің құқықтарының қорғалуы, заңды мүдделерінің сақталуы, кәсіпкерлік қызметтерге қатысты заңнамалаық шаралар туралы кәсіпкерлік-қауымдастықтардың сауаттылық деңгейінің арттырылуы болып табылады.




Яндекс.Метрика