Тәртіпсіздікке мүлде төзбеушілік принципін енгізу

РФ Ішкі істер министрлігі еліміздің көлік сақшыларын төс белгілермен марапаттады

Ресей Федерациясы Ішкі істер министрілігінің «Қылмыстық іздестіру қызметіне 95 жыл» төс белгісімен марапаттады, деп ІІМ Көлік ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы27 Желтоксан , 16:09

«Көліктегі Бас басқармасы өзара іс-қимылда белсенділік танытқаны үшін еліміздің 11 көлік сақшысын Ресей Федерациясы Ішкі істер министрілігінің «Қылмыстық іздестіру қызметіне 95 жыл» төс белгісімен марапаттады.ҚР ІІМ Көліктегі ішкі істер департаменті қызметкерлері еліміздің темір жол және әуе көлігі нысандарындағы қоғамдық қауіпсіздікті, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін және олардың жеке мүліктерінің сақталуына қамтамасыз етеді», -делінген хабарламада.  

 Сондай-ақ, көлік сақшыларына өзінің қызмет көрсету аумағында есірткі айналымының алдын алу, заңсыз көші-қон, қозғалыс құрамдарынан жүктерді ұрлау мен тонау сынды қылмыстық әрекеттерге қарсы күрес жүргізу міндеті кіреді. Сондықтан тәулік бойына қоғамның тұрақтылығы мен тыныштығын қорғайтын көлік сақшыларына жүкетелетін жауапкершілік жүгі де орасан зор. 

Бүгінде, Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының көлік полицейлері арасында өзара әріптестік тығыз байланыс орнатылған. Бұған дейін де еліміздің көлік сақшылары ресейлік әріптестерімен қызмет бабында бірнеше рет кездесіп, өзара іс-қимыл жасау бойынша тәжірибе алмасқан болатын. 




Яндекс.Метрика