Инновациялық зерттеулерді дамытудың жаңа саясаты

ҚОСРМ өндіріс қалдықтарды басқару мен қолдану жайын талқылады

Кеше Астанада Қазақстан Республикасының қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаровтың төрағалығымен ведомствоның Алқа отырысы болып өтті, деп ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы27 Желтоксан , 15:39

«Алқа отырысында табиғатты пайдаланушы кәсіпорындардың қалдықтарды басқару бағдарламаларын орындау барысы қарастырылып, Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға көшуі жөніндегі Тұжырымдаманы іске асыру бойынша министрліктің алдына қойылған міндеттер талқыланды», - делінген хабарламада.

Талқылаулар қорытындысында экологиялық реттеу және бақылау комитетіне табиғатты пайдаланушылардың қалдықтарды басқарудың үйлестірілген бағдарламаларында алған міндеттерін, сондай-ақ, кәсіпорындардың қалдықтар көлемін азайту жоспарларын сараптаудан өткізуді ұсынған Алқа қаулысы қабылданды.

Сонымен қатар Алқа қаулысында министрліктің комитеттері мен құрылымдық бөлімшелерінің, сондай-ақ, бағынысты кәсіпорындардың басшыларына еліміздің «жасыл» экономикаға көшуі жөніндегі Тұжырымдамасында белгіленген істерді, оны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспарына сәйкес тұрақты түрде жүргізілуін қамтамасыз ету ұсынылды.

Алқа қаулысы ұсыныстарының орындалу барысын қадағалау министрліктің жауапты хатшысы, сондай-ақ, жетекшілік етілетін мәселелер шеңберінде – вице-министрлерге жүктелді.

 




Яндекс.Метрика