Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

Жезқазған өңірінің кен-барлау жұмысына 25,1 млрд теңге қарастырылған – Б. Әбдішев

Жезқазған өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарында кен-барлау жұмысына 25,1 млрд теңге қарастырылған, деп Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішев хабарлады.
Астана қаласы27 Желтоксан , 14:50

Б.Әбдішевтің түсіндіруінше, «Көкейкесті жоспарға 88 шара енгізіліп, ол 351,5 млрд. теңгені қарастырса, оның 169 млрд. теңгесі бюджеттік, 24 млрд. жергілікті қазынаның, қалғаны «Қазақмыс» корпорациясының қаржысы.

Ол сонымен қатар, Кешенді жоспарда бірінші рет кен-барлау жұмыстарына 25,1 млрд. теңге қарастырылып, оның кеніштердің «өмірін» тағы да 40 жылға, яғни 2050 жылға дейін ұзартуға мүмкіндік беретінін атап өтті. 

«Қазақмыс» корпорациясы басшысы Э.Огайдың сөзіне қарағанда «Жезқазған аймағын дамыту бойынша қабылданған стратегиялық шешімнің 30 мың адамның жұмыс орнын сақтап қалуына, әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандырып, тиісті еңбекақы төлеуге мүмкіндік береді», - деді ол.




Яндекс.Метрика