Түгел қамтитын экономикалық прагматизм

Жезқазған өңірінің кен орындарына ПҚӨС төлемін азайту жоспарланған – Э.Огай

Жезқазған өңірінің кен орындарына пайдалы қазбаларды өндіру салығы төлемін азайту жоспарланған, деп хабарлайды «primeminister.kz» порталы.
Астана қаласы27 Желтоксан , 13:45

«Өңірді дамытудың кешенді жоспарын өзектілендіру  аясында салық салу бөліміне өзгерістер енгізілді, атап айтсақ ПҚӨС төлемін азайту қарастырылған», - дейді «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Эдуард Огай ҚР Үкіметінің отырысында.

Оның айтуынша, қазіргі таңда пайдалы қазбалар қоры шамамен 4 млн тоннаны құрайды. Алайда қолдағы техникалар бұл шикізатты алуға мүмкіндік бермей отырған көрінеді.

«Осыған орай, кешенді жоспар аясында жер бетіндегі құрылыстарды ауыстыру шешімі қабылданған», - дейді корпорация басшысы.

Огайдың ойынша, бұл шаралар жұмыс орындарын сақтауға мүмкіндік береді. Өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақты етуге септігін тигізеді.

«Бүгін, Үкіметтің, облыс әкімдігінің арқасында, Жезқазған «екінші демге» қол жеткізу керектігі жайлы шешім қабылданды», - деді Огай.

Естеріңізге сала кетейік, Үкімет отырысында 2011 жылы мемлекет басшысы тарапынан қабылданған Жезқазған, Сатпаев қалалары мен Ұлытау аудандарын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары өзектіленді.




Яндекс.Метрика