Ұлттық қорғаныс қабілеттілігі мен әскери доктринаны нығайту

ҚР ӘӘК Су-27 ұшақтарының кезекті партиясын қабылдады

Алматы облысы Жетіген авиациалық базасында Беларусь Республикасының Барановичи қаласынан Қазақстанның Әскери-әуе күштері үшін жеткізілген Су-27 ұшақтарының кезекті партиясын қабылдау рәсімі болды, деп Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы27 Желтоксан , 14:30

«Іс-шараға Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Нұрлан Орманбетов қатысты»,- делінген хабарламада.

Мемлекеттік мерекелер алдында Қазақстанның Әскери-әуе күштері шапшаңдығы дыбыс жылдамығынан жоғары ұшатын күрделі жөндеуден өткен «Су» тобының 4 жойғыш ұшағын қабылдап алды. Ұшақтар Алматы облысындағы Жетіген әуеайлағына келіп жетті. Су-27 – Қазақстан армиясының сапындағы негізгі көп функциялы ұшақ.

Осылайша, әскери-әуе күштеріне күрделі жөндеуден кейін жеткізілген Су-27 ұшақтарының саны Отанымыздың әуе кеңістігін сенімді қорғауға мүмкіндік береді. 




Яндекс.Метрика