Инфрақұрылымды дамыту

2014 жылдың басында Астанада «Қауіпсіз қала» жобасы іске қосылады

2014 жылдың басында Астанада «Қауіпсіз қала» қанатқақты жобасы іске қосылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов мәлім етті.
Астана қаласы27 Желтоксан , 13:03

«Қауіпсіз қала» жобасы аясында жасыл және қызыл түстің жану кезінде жолдың толып қалу жағдайын реттейтін бағдаршамдар мен қиылыстарға орнатылған интеллектуалды бейнекамера құрылғысы бар транспортты логистиканың интеллектуалды жүйесін орнату жоспарлануда», - деді әкім.

Оның айтуынша, 2014 жылдың бірінші маусымының соңында аталмыш жобаның қанатқақты нұсқасы шығарылмақ. 2017 жылға қарай «Қауіпсіз қала» жобасы толықтай қолға алынып, қалада 30 мыңдай интеллектуалды камера орнатылады.

Сонымен қатар, елордада қаланың жарықтануын үнемдейтін жоба іске асырылмақ. Оның аясында Smart LED арнайы бағдарламасы электр қуатын 25 пайызға дейін үнемдеуге мүмкіндік бермек.




Яндекс.Метрика