Денсаулық сақтау саласындағы негізгі басымдықтар

2014 жылы Алматыда ардагерлерге арналған қосымша госпиталь ашылады – ДСМ

2014 жылы Алматыда Ұлы Отан соғысы мен Ауған соғысы ардагерлеріне арналған қосымша госпиталь ашылады, деп хабарлайды ҚР Денсауық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Алматы қаласы27 Желтоксан , 12:46

«Денсаулық сақтау министрлігі Алматыдағы ІІМ госпиталі базасында келер жылы Ұлы Отан соғысы мен Ауған соғысы ардагерлеріне арналған қосымша госпиталь ашады», - делінген хабарламада.

Ардагерлер халықаралық стандарттар бойынша бейімдеу көмектерін алады. Соның ішінде су мен лай арқылы емдеу, электр мен жарық арқылы емдеу түрлері де бар.

Осылайша Алматыдағы Каменский үстіртіндегі Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған Бейімдеу орталығы құрылысының аяқталуына дейін науқас орнының тапшылығы мәселесі шешілетін болады. Естіріңізге сала кетейік, орталық 2010 жылғы жер сілкінісінен кейін жабылып қалған еді.

Жалпы, ҚР-да ардагерлерге станционарлы медициналық көмек Алматы мен Астанадағы Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектерінің республикалық мамандандырылған госпиталінде жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, республиканың 8 өңіріндегі облыстық және қалалық аурухана жанында ардагерлерге арналған мамандандырылған бөлімдер жұмыс істейді және аудандық, қалалық, облыстық және ірі көппрофильді ауруханаларда арнайы палаталар қарастырылған.

Айта кету керек, 2013 жылы республиканың станционарларында шамамен 1,9 мың мүгедек мен Ұлы Отан соғысы ардагерлері және 3,1 мыңнан астам ауған ардагерлері емделді. Сонымен қатар, Семей полигоны зардабын шеккен 50,7 мың қазақстандық және 1,9 мың Чернобыль АЭС апаты зардабын тартқандар ем қабылдады.




Дерекнама

Яндекс.Метрика