Жаңа бағыттың экономикалық саясаты

2017 жылға дейін Астанада 5 млн шаршы метр баспана салынады – И. Тасмағамбетов

ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу үшін Астанада 5 млн шаршы метр тұрғын үй қолданысқа беріледі. Бұл туралы ОКҚ-нің баспасөз конференциясында Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов хабарлады.
Астана қаласы27 Желтоксан , 12:35

«Жыл сайын елордада 1 млн шаршы метр баспана қолданысқа беріледі. 2017 жылға дейін 5 млн шаршы метр тұрғын үй қолданысқа беріледі», - деді И. Тасмағамбетов.

«Біз қазір жыл сайын 1 млн. шаршы метрден астам тұрғын үйді іске қосудамыз. 2013-жылдың қорытындысы бойынша, астанамызда 1 млн. 100 мың – 1 млн. 200 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Ал, егер жалпы алатын болсақ, қала қалыптасқалы бері 12 млн. шаршы метр тұрғын үй салынып, пайдалануға беріліпті», - деді әкім.

«Мемлекеттік қолдаудың барлық тетіктері мен бағдарламалары бойынша, 18 мың отбасы немесе 60 мың адам жеке үйге қол жеткізген. Осылайша, соңғы 15 жыл ішінде Астанада тұрғын үймен қамтамасыз етілу орташа есеппен әр адамға 15-25 шаршы метрден келеді», - деді әкім.

«Астананың тұрғын үй қорын жаңарту – адамдар өміріне қауіп төндіретін ескі үйлерді жоюмен қатар жүргізілуі тиіс. Қазір бұл бағдарламалық деңгейде іске асырылуда, және ең бастысы – нәтижелер де бар», - деп түйіндеді сөзін И. Тасмағамбетов.




Яндекс.Метрика