Инновациялар

Алматыда «Open Almaty» атты пилотты жоба енгізілді

Мемлекеттік құрылымның ашықтығын қамтамасыз ету үшін «Open Almaty» атты пилотты жоба енгізілді, мұнда әрбір сауал өмірлік маңызды жағдай ретінде қаралады, деп хабарлады қала әкімдігі.
Алматы қаласы30 Маусым , 20:46

Қазіргі кезде қабылдау онлайн арқылы жүруде, күзде қосымша колл-орталықтар мен  әкімдіктің фронт-офисі ашылады.

«Бір терезе» қағидасы бойынша әкімдік пен құқыққорғау құрылымдарының қызметкерлері адамдарды қабылдайды.  Келесі бағыт – тұрғындарға қолжетімді сервис. Тәжірибе көрсеткеніндей, ПИК-тердің келеңсіз жұмыстары туралы 2 мыңнан астам шағым түседі екен. Бүгінгі күні алматылық «ПИК порталы» жұмыс істей бастады,  мұнда ПИК-тердің  мекенжайлары, нормативті құжаттар, көмекші  нұсқаулар жарияланған.

«ПИК-тердің бюджет шығындарының жұмсалу  ережесі, жөндеу жұмыстары мен  басқа да тарифтер, бос алаңдарды  жалға беру , адами капитал, жылу маусымына дайындық мәселелері де жария етілген. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға қатысты айтылған ұсыныс- пікірлер де осында", - деді әкім.

«Ашық бюджет» жобасында мекемелердің  қаншпалықты шығын жұмсағандықтары туралы ашық мәліметтер бар және  қала тұрғындары өзекті мәселелерді де біліп отырады. Ал бұл инвесторларға бюджетті саралауға, қаржының қалалық жобаларға  бөлінгенін білулеріне мүмкіндік жасап, МЖӘ қағидаларын өз жағдайына жасауға ықпал  етеді.

Жекелеген мемлкеттік органдар мен шенеуніктердің ақпараттық монополясын бұзу үшін Big Data жүйесі жасалды. Мысалы, Алматы Басжоспар порталында қажетті түрлі мәліметтер жаряиланған,  мұнда қызыл жолақтарды, жылу  және электр жүйелерінің қуатын, сумен қамтамасыз  етіуді, жалпы бәрін көруге болады, осының арқасында инженерлік жобаларды жасау 2 есге қысқарды.

Қала әлеуетін арттырудың басты бағыттарының бірі қауіпсіздікті  күшейту. Алматыда қылмыстың алдын алу мен мониторинг жүргізудің цифрлы жобасының енгеніне 5 жыл. Видеофиксация камереларының арқасында қоғамдық орындардағы ұрлық едәуір қысқарды, 2 миллионнан астам ЖКО  белгілі болды. Үш жыл қатарынан қала мектептерінде видео-фиксация жүйесі жұмыс істейді. МЖӘ негізінде сервисті контрактті бала бақшаларға енгізу де жоспарланған.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика