Ұлтаралық бірлік

Д.Мыңбай: Азия халықтарының ашықтығы АӨСШК кеңістігінде бейбітшілікті сақтау кепілі (ФОТО)

Астанада Азиядағы өзара сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) ұлттық мәдени орталықтарының «Мәдени ашықтық – бейбітшілік пен келісімінің негізі» азаматтық форумы басталды. Форумға Әзербайжаннан, Түркиядан, Ресейден, Армения мен Тәжікстаннан, Өзбекстан мен Қырғызстанан келген қонақтар және этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Астана қаласы 30 Маусым, 17:42

АӨСШК елдерінің жыл сайын өткізілетін форумы Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен өткізілді, ал 2008 жылдан бастап ол дәстүрлі диалог алаңына айналды. Осы ретте, Қазақстан халқы Ассамблеясы  төрағасының орынбасары Дархан Мыңбай атап өткендей, аталмыш форум «Мәдени ашықтық – бейбітшілік пен келісімінің негізі» атауына ие болды.

«Аталмыш жиынның бұл атауы жайдан жай берілген жоқ. Мәдени ашықтық – адамдар мен халықтар арасында байланыс орнатуда маңызды шарт. Біздің форум этностар арасында түсіністікті қалыптастыруға, байланыс орнатуға және олардың мәдени ерекшеліктерін сақтап қалуға бағытталған», - деді Д. Мыңбай.

Дархан Мыңбай қатысушыларға АӨСШК-ке қатысушы елдер арасында мәдениет саласын барынша жарнамалау керектігін жеткізді.

«Мәдениет – ол халықтың рухын суреттейтін біртұстас рухани  құрылым. Бүгінде, жаһандану жағдайында Азия халықтарының ашықтығы мен ішкі жаңаруға деген ұмтылысы  АӨСШК кеңістігінде бейбітшілікті сақтау кепілі болып отыр»,- деп баса айтты төрағаның орынбасары.

Атап өтер болсақ, форум аясында ұйымның 25 жылдығына арналған «АӨСШК сәті» фото көрмесі ашылды.

АӨСШК (Азиядағы өзара сенім шаралары кеңесі) Азияда тұрақтылық пен қауіпсіздікті, бейбітшілікті қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық форум  болып табылады. Бүгінде АӨСШК құрамында жиырма алты мемлекет бар, олар құрлықтағы жердің 90%-ға жуық бөлігін алып отыр.

Ақбота Күзекбай  





Яндекс.Метрика