Инновациялар

Б.Байбек: Алматы көліктің емес, адамдардың қаласы

Бүгін Алматыда Анлиядан, Израиль мен АҚШ-тан, Даниядан келген сарапшылар, мемлекеттік органдар басшылары, бизнес –қоғамдастық, ҮЕҰ-дар өкілдері қаланың барынша маңызды мәселелерін шешуде инновациялық технологияны ұтымды қолдану жолдарын талқылады, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Алматы қаласы30 Маусым , 19:34

 VI Инновациялық форумның басты тақырыптары - Индустрия 4.0-діің концепциясы, сандық экономика және  Smart City технологиясын енгізу.

Қала әкімі Бауыржан Байбек өзінің сөзінде Мемлекет басшысының тұрақты қолдауы арқасында Тәуелсіздік жылдары Алматының шикізаттық емес экономикасы бар ірі мегаполиске айналғанын, бизнес пен жеке капитал қаласы әрі өңірлік индустриалды және инновациялық хаб екенін айтты.

«Бүгінгі күні нарықтағы жаһандық бәсеке барысында жетекші мегаполистер сервистік қаладан инновациялық смарт-ситиге өтуде. Smart Almaty концепциясына  негізінен экономика, экология және қоғам мүдделерін теңестіру еніп отыр. Әлемдегі үздік тәжірибелер мен қала тұрғындарының талабы барысында біз басты бағыттарды анықтадық.IDC халықаралық компаниясымен бірге Алматыда «Ақылды қала» деңгейінде кешенді сараптама жүргіздік, нәтижесінде әлсіз аймақтар  анықталды, сонымен қатар мәселелерді жүйелі түрде шешетін 7 базалық жоба жасалды. Дегенмен, біз тек сандық технологияны ғана  енгізуді мақсат  етпейміз. «Ақылды қала» – түрлі ұтымды  технология және бұқара мен биліктің өзара түсіністік мәдениеті. Технология –  бұл басқару процесстері арасындағы  ынтымақтастықты жақсарту, тиімділікті арттыру. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Қанымызға сіңген көптеген дағдылар мен таптаурын болған қасаң қағидаларды өзгертпейінше, біздің толыққанды жаңғыруымыз мүмкін емес»,-деген еді. Сондықтан біз  өзгерістерге, түрлі креативті идеяларды енгізуге, осы жолда бірігіп  алға жылжуға дайынбыз», - деді мегаполис басшысы.

Қалада ауқымды көлік реформасы да жалғасын табуда. Тасымалдың ашықтығын қамтамасыз  ету үшін көліктің ақы төлеу  картасы енгізілді, осындай 1,3 млн. карта сатылды, бұл халықтың 70%-ы.Көлік қозғалысы бөлігін жеңілдету мақсатында инновациялық паркоматтар орнатылды.. Systra  халықаралық  кеңесшілерімен бірге жол қозғалысын кешенді өзгерту жүйесі қолға алынды, айрықша жолақтар пайда болды, биыл олардың ұзындығы 92 килеметрге жетеді. BRT құрылысы басталды, жаңа қолайлы автобустар сатып  алынды. Орбитадан Көкбазарға дейін ұзындығы 21 км болатын велодәліз жасалады, велсипедті жалға беретін Almaty Bike жүйесі жұмыс істеуде, қазір мұндай 50 бекет бар, қазан айының  соңына дейін олардың саны 150-ге жетеді.

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика