ҚР ИИДМБ

И.Тасмағамбетов: Астана Индустриялды паркінде 19 жоба жүзеге асуда

Астана Индустриялды паркінде 19 жоба сәтті түрде іске асырылуда.Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов мәлім етті.
Астана қаласы27 Желтоксан , 12:25

«Қазіргі таңда Индустриялды паркте 15 нысан салынуда. Тағы 15-і жобалау кезеңінде. Бұл жобалардың өндірістік іске қосылуы 2016 жылдың соңына дейінгі уақытқа жоспарланып отыр. Сол кезде 8 мың жаңа жұмыс орны ашылатын болады», - деді Тасмағамбетов.

Сонымен қатар, 2017 жылға қарай Астана Индустриялды картасы кәсіпкерлігі жыл сайын 150 млрд теңгеге дейінгі өнім шығаратын болады. Ал салықтан түсетін қаражат көлемі 70 млрд теңгеге жетпек.

2010-2013 жылдар аралығында Индустриялды парктің 11кәсіпкерлігі тарапынан 182 млрд теңгелік тауар өндірілді және қызмет көрсетілді. Соның ішіндегі биылғы жылдың үлесі 73 млрд теңгені құрайды. Бұл қаланың жалпы өнеркәсіптік өнімінің 36%-ы.  

Әкімнің айтуынша, осы уақыт аралығында кәсіпкерліктерден түскен салық көлемі 18 млрд теңгеге жеткен. Ал 2013 жылы түскен салық көлемі 8,1 млрд теңгені құрайды. Бұл Индустриялды парктің инфрақұрылымын дамыту жұмыстарының барлық шығынын өтейді.

Сонымен қатар, биыл 16 млрд теңгелік инвестицияның 8 жаңа кәсіпкерлігі ашылуда.

Айта кету керек, 49 жұмыс істеп тұрған және іске асырылып жатқан индустриялды-инновациялық жобалардың инвестиция көлемі 181 млрд теңгені құрайды. 




Яндекс.Метрика