Парламент

Сенат депутаттары тіркелді

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 2017 жылғы 28 маусымда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын тiркеу жөніндегі ОСК отырысы өтті.
Астана қаласы30 Маусым , 17:25

«2017 жылғы 28 маусымдағы Ел Конституциясы мен Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының 16 депутаты сайланды, яғни  әр облыстан және Астана және Алматы қалаларынан бір-бірден. Аумақтық сайлау комиссиялары барлық қажетті іс-шараларды Ортсайлауком бекіткен күнтізбелік жоспарға сәйкес, сайлау заңнамасында белгіленген барлық рәсімдерді сақтай отырып өткізілді. Жалпы сайлау науқаны барысында 89 кандидат ұсынылды. Бюллетеньдерге  38 кандидаттың тегі енгізілді. Жалпы айтқанда сайлаушылардың  келуі  республика бойынша 98,5% құрады. Сондай-ақ сайлауда алғаш рет сайлаушыларды электронды тіркеу өткізілді» -  деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Б. Имашев.

Сондай-ақ, ол аталмыш сайлауда алғаш рет сайлаушылардың  электронды тіркеуі  өткенін атап өтті.

«Сайлау кезеңінде сайтқа кірушілердің саны артты.  Сайлау күні сайтқа  2249 бірегей  пайдаланушы 16 елден кірген. Олар  93 мың рет парақшаларды қараған. Ресми БАҚ-тың  электоральді  компаниясы кезеңінде  мыңдаған  ақпараттық материалдар шықты. Халықаралық бақылаушылар Сенат сайлауына ерекше қызығушылық таныты. Сайлауды бақылауға  288 аккредиттелген халықаралық бақылаушы мен  116 шетелдік БАҚ  келді», - деді ол.

Берік Имашев Сенат депутаттарының құрамы айтарлықтай жаңартылғанын атап өтті. 16 мандаттың ішінен 12  жаңа адам сайланды.Сайланған сенаторлар өңірлік деңгейде  басшылық лауазымдарда мол кәсіби тәжірибесі бар, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайымен жақсы таныс.

Орталық сайлау комиссиясының отырысы  барысында « 2017 жылғы 28 маусымда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын тіркеу туралы»  қаулы  қабылданды.

 




Яндекс.Метрика