ҚР Президентінің Жолдауы

Шымкент МӨЗ Еуро-4 және Еуро-5 стандартындағы жанармай шығаруға көшті

Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жобасының бірінші кезеңі аяқталды, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Оңтүстік Қазақстан30 Маусым , 20:21

Нәтижесінде мұнай өңдеу тереңдігі 80 пайызға артып, өнім шығару көлемі жылына 6 млн тоннаға, жанармай өндірісі 3 есе көбейді.

Ең бастысы -  жанармай сапасы Еуро-4 және Еуро-5 экологиялық стандартына көшті.

«Елбасымыз халыққа арнаған Жолдауында елімізді өз мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету керектігін баса айтқан болатын. Осы тапсырмаға сай  Шымкент мұнай өңдеу зауытында жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар "Үдемелі индустриялық-инновациялық даму" мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отыр. Қазірде аталған бағдарламаның аясында Қазақстанның үш ірі мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және қайта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгін міне бірінші кезеңнің іске асуына куә болып отырмыз», - деді Жансейіт Түймебаев.

Сондай-ақ,  қуаты жылына 1,5 млн. тонна дизель отынын гидротазалайтын және жылына 4 мың тонна күкірт өндіретін қондырғы іске қосылып жұмыс істей бастады.  Айта кетейік, инновациялық тың технологиялар автоматты түрде басқарылады.

Сондай-ақ зауытта жылына 4 мың тонна күкірт шығарылады. Жыл сайын Шымкент мұнай өңдеу зауытынан ішкі, сондай-ақ сыртқы нарықтарға 6 млн тоннаға жуық мұнай өнімдері тиеп жөнелтіледі.




Яндекс.Метрика