Ұлттың денсаулығы

Қазақстанда ағзаларды алмастыру бойынша 1057 ота жасалды

Қазақстандық күту парағында ағзаларын алмастыруды қажет етітін 3,5 мыңнан астам пациенттер тұр, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
Астана қаласы30 Маусым , 16:56

Ағзалардың трансплантациясы - бұл ағзаларды қабылдамайтын ауыр жағдайсыз өтетін, табысты транспланттау үшін дайындалған базаны талап ететін (тек хирургиялық) жоғары технологиялардың көпқырлы мультидисциплинарлық бөлімі.

«Қазіргі уақытта Қазақстанда ағзалар мен тіндерді транспланттау бойынша жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған.  Республика бойынша ағзалар мен тіндерді трансплантациялаумен тиісті барлық ресурстық талаптарға сәйкес келетін (кадрлар, жабдықтау, құрал-жабдықтар) 9 ірі медициналық орталықтар айналысады: «Онкология және трансплантология республикалық ғылыми орталығы» АҚ, «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ, «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ, «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ, «А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ, "№ 7 Алматы қалалық клиникалық ауруханасы" ШЖҚ МКК, «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» РМҚК, «Жедел медициналық көмек көрсету ауруханасы» МҚК, «Ақтөбе облыстық ауруханасы» ШЖҚ МКК», – деп хабарлады Ажар Төлеғалиева.

Ол, нормативтік – құқықтық базаның барын, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінде арнайы 27 тарау, 169,170,171 баптары бөлінгені туралы хабардар етті.

  Халықаралық сарапшылардың зерттеуіне сәйкес, бір жылда 1 млн. халыққа шаққанда органдардың трансплантациясы есептік қажеттілік санының: бүйрек – 74,5; жүрек – 67,4; бауыр – 59,1; ұйқы безі – 13,7; өкпе – 13,7; өкпе–жүрек кешені– 18,5 құрайды.




Яндекс.Метрика