Экономика

Әлеуметтік қажеттіліктерге облыстық бюджеттен бір миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді

Қарағанды облысының 2017-ші жылға арналған бюджеті өзгертілді. Нақтылау сомасы 4,7 млрд. теңгені құрады. Бұл сомадан бір миллиардтан астамы әлеуметтік салаға бөлінді. Өзгертілген бюджет облыстық мәслихат сессиясында бекітілді.
Қарағанды30 Маусым , 16:32

«Енгізілген өзгерістерді ескере келе облыстық бюджеттегі өзгертулерді нақтылау қаражат көлемі 4,7 млрд. теңгені құрайды, оның 3,8 миллиарды – бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту болса, 500 млн. теңге – мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша үнемделген қаржы және 400 млн. теңге – Қарағанды облысы әкімдігінің резерв көлемін азайтудан түскен қаражат», - деді облыстық Экономика және қаржы басқармасының жетекшісі Ольга Чернявская.

Баяндамашының мәлімдеуінше 1,1 млрд. теңге, таратылатын қаражаттың төрттен бір бөлігі әлеуметтік салаға бағытталады.

2,3 млрд теңге нақты экономика секторына қарастырылған. Бұл сомадан 500 млн. теңге көктемгі су тасқынының алдын алу шараларына жұмсалса, 1,6 млрд. теңге – жол жөндеу жұмыстарына, 200 млн. теңге – сумен қамту және су таратуға бөлінеді.

Сонымен қатар 60 млн. теңге Сәтпаев атындағы каналға ауыз суды беруге субсидия ретінде төленеді. 700 млн. теңге құрылыс, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және көлік саласын дамытуға қосымша бюджет ретінде жоспарланып отыр.

Өзгертулер нәтижесінде 2017-ші жылдың облыстық бюджеті кірістер бойынша 206,9 млрд. теңгені құраса, шығыстар бойынша – 206,6 млрд. теңге болды. Таза бюджеттік несиелендіру 11 млрд теңгені құрады.

 




Яндекс.Метрика