Білім беру

ҰБТ қорытындысы бойынша Қазақстандағы орташа балл 80,5 %-ды құрады

Қазақстан бойынша бес пәннен ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балл 80,5 % (мүмкін болған 140 баллдан).
Астана қаласы30 Маусым , 16:17

Білім  және ғылым министрлігі хабарлағандай, былтырғы жылғы көрсеткіш (мүмкін болған 125 баллдан)  81 % болды. Шектік деңгейден, яғни 50 балл алған 74 517 ((84,1%), оның ішінде 60-65 балл: 5935 (7,9%), 66-119 балл: 52 717 (70,7%), 120 – 139 балл – 5 064 (6,8%). Шектік деңгейден өте алмағандар саны  14 066 адам (15,8%).  

Ең жоғары балл жинаған Алматы қаласындағы «М.Мақатаев атындағы №140 гимназия» КММ бітірушісі Тасан Саят Елтайұлы – 139 балл, 7 адам – 138 балл жинады. 2017 жылы ҰБТ өткізу барысындағы барлық іс-шара штаттық тәртіпте өтті. Халық ҰБТ-ның жаңа форматын жақсы қабылдады.




Яндекс.Метрика