Жаңа бағыттың экономикалық саясаты

2013 жылы Астанада шағын кәсіпкерлік өнімінің субъектісі екі есеге көбейіп 1 трлн 100 млрд теңгені құрады - И. Тасмағамбетов

2013 жылы Астанада шағын кәсіпкерлік өнімінің субъектісі екі есеге көбейіп 1 трлн 100 млрд теңгені құрады. Бұл туралы ОКҚ-нің баспасөз отырысында Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов мәлімдеді.
Астана қаласы27 Желтоксан , 12:15

«Шағын кәсіпкерлік өнімінің субъектісі екі есеге көбейіп 1 трлн 100 млрд теңгені құрады. Moody's халықаралық агенттігі де аталмыш факті мақұлдап отыр. 2013 жылдың жоспары бойынша Астана қаласының несиелік рейтингі қарқынды өсіп, тұрақтылық деңгейіне жеткен. Қазіргі таңда Астана өзін-өзі қамти алады. 2015 жылдан бастап республикалық бюджет 7,5 млрд теңгеге, ал 2016 жылы 17,3 млрд теңгеге өсті», - деді И. Тасмағамбетов.

Қала әкімінің айтуынша, қазір ЖІӨ 60 пайыздан жоғарылықты құрайды.

«Осы салада 180 мың адам немесе бестен бір еңбекке қабілетті адам бар. Орта және шағын бизнестің саны бүгінде 47 мың бірлікті құрайды. Біз бұл санды өсіру керекпіз. Сондай-ақ, жыл сайын 60 пайыз жаңа жұмыс орны ашылады. «БЖК-2020» бағдарламасының аясында 5 мыңның ішінен 3,5 мың жаңа жұмыс орны ашылды. 1,7 млрд теңге салық төленді. 56,5 млрд теңгенің 273 жобасы мақұлданды», - деді әкім.

 

 

 




Яндекс.Метрика