Халықаралық интеграция

Астана мен Дели жаңа халықаралық әуе рейсі шілде айында ашылады

2017 жылдың 2 шілдесінде мамандандырылған EXPO-2017 халықаралық көрмесіне келушілерге жағдай жасау мақсатында «Эйр Астана» әуе компаниясы орындайтын Астана –Дели бағыты бойынша жаңа халықаралық рейстің ашылуы болады, деп хабарлады ИДМ.
Астана қаласы30 Маусым , 15:32

Қазақстан мен Үндістанның астанасын байланыстыратын рейс аптасына жиілі 3 рет, дүйсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері орындалады.

Жаңа халықаралық рейс Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2020 жылға дейін еліміз арқылы өтетін транзиттік жолаушылар ағынын 4 есеге дейін ұлғайту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында жүзеге асуда.

Соңғы 7 жылда транзиттік әуе жолаушылар ағыны 20 есеге артты. Перспективалы бағыттардың бірі Үндістаннан Қазақстан арқылы ТМД елдеріне бағытталған транзиттік жолаушылар маршруты болып табылады. Астаналар арасына қатынайтын рейс 2004 жылдан бері «Эйр Астана» әуе компаниясы орындап келе жатқан Алматы – Дели – Алматы рейсін толықтыратын тиімді жоба.

Сондай-ақ, аталмыш рейс Халықаралық Астана қаржы орталығын (ХАҚО) дамытуда іскерлік белсенділігін ынталандыру үшін қызмет ететін болады.

Айта кету керек, бұл халықаралық рейсті ашуда ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті мен Үндістанның авиациялық билігі бірлесе жұмыс атқарды.

 




Яндекс.Метрика