Өңірлер

Қарағанды облысында 600 шақырымға жуық жол жөнделеді

Қарағанды облысында 600 шақырымға жуық жол жөнделеді. Бұл туралы Қарағанды обысының әкімі Ерлан Қошанов облыстық мәслихат сессиясы барысында мәлімдеді.
Қарағанды30 Маусым , 15:57

Облыс әкімінің бағалауынша, бірінші жарты жылдықта аймағымыз жақсы жетістіктерге қол жеткізген.

 «Менің ойымша, өткен кезеңнің ең басты жетістігі – ол өнеркәсіп кәсіпорындарының өсуі», - деп атап өтті ол. 

Егер жыл сайын жолдардың тек орташа жөндеуіне республикалық бюджеттен 900 млн. теңгеден ғана бөлінген болса, биылғы жылы біз Үкіметті 4,5 млрд. теңге бөлуге көндіре алдық. Жалпы облыс бойынша осы жылы шамамен 600 шақырым жол жөнделетін болады.

Ауқымды жөндеу жұмыстары халықаралық трассаларда, сондай-ақ Қарағандыда, Теміртау, Балқаш, Жезқазған және Сәтпаев қалаларында да жүргізіліп жатыр. 
Келесі жылы билік басындағылар мектептер мен ауруханаларды жөндеуге назарларын бұруды көздеп отыр.

«Біз қарқынды түрде облыс орталығын дамытумен айналысып жатырмыз. Мысалы, бір тәулік аралығында Қарағанды арқылы транзитпен 22 мың көлік өтеді. Қаланы айналып өтетін жол қажет. Сондықтан біз Солтүстік және Шығыс айналып өту жолдарының құрылысын бастауды ұйғардық. Жоба өте маңызды, алайда қымбат. Бүгінгі таңда сәйкес министрліктермен жұмыс жасап жатырмыз, Үкіметтің оң шешіміне үміттенеміз», - деді облыс әкімі.

Ерлан Қошанов халық қалаулыларынан бірлесіп бағаларды, тарифтерді, қоғамдық көлік сапасын, абаттандыру жұмыстарының барысы секілді тұрғындардың өзекті мәселелерін қадағалауды сұрады. Ол сонымен қатар депутаттарды Елбасының бастамасымен құрылған «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруда белсенділік танытуға шақырды.




Яндекс.Метрика