Энергияның балама көздерін дамыту

Қарағанды облысында күн және желден қуаттанатын станция салынады

Қарағанды облысында жаңартылмалы және балама энергетиканы дамыту стратегиясы бар. 2020-шы жылға дейін күн және жел арқылы жұмыс істейтін алты станцияны іске қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Анатолий Шкарупа облыстық мәслихат сессиясы барысында мәлімдеді.
Қарағанды30 Маусым , 15:14

«Елбасы алға қойған стратегиялық тапсырмалардың бірі жаңартылмалы және балама энергетиканы дамыту болып табылатынын баяндамашы еске салды. 2020-шы жылға дейін балама қуат көздерін пайдалану үлесі жалпы қуат пайдалану көлемінің 3%-ын құрауы тиіс», - деді Анатолий Шкарупа.

Жоспар бойынша қуаты 40-тан 100 МВт-қа дейін баратын үш күн электр станциялары Саран қаласында, Ақтоғай және Шет аудандарында салынады. Сонымен қатар қуаты 10 және 60 МВт екі жел электр станциялары Қарқаралы ауданында және Осакаров кентінде де салынбақ. Абай ауданының Құрма ауылында энергия биогаз құрылғысы арқылы өндірілетін болады.

 




Яндекс.Метрика