Парламент

ҚР Парламентінде 9 мыңнан астам хат қаралды

Қазақстан Республикасы Парламентінің екінші сессиясында заңнамалық деңгейде қаралған, азаматтардан 9 мыңнан астам хат келген. Бұл туралы төменгі палатаның спикері Нұрлан Нығматулин ҚР Парламентінің алтыншы шақырылымы екінші сессиясының жабылуында хабарлады.
Астана қаласы30 Маусым , 12:39

«Депутаттар 357 депутаттық сауал жолдады, оның ішінде 284-ін Мәжіліс депутаттары, тағы 73-ін Сенат депутаттары жіберді. Осы ссесия барысында азаматтардан 9 мыңнан астам хат келіп түсті, олар сәйксінше заңнамаға сәйкес қаралды», - деді Н.Нығматулин.

Жалпы, төменгі палата төрағасының айтуынша, Парламенттің қоржынында 27 заң жобасы бар.

«Бүгінде Парламенттің қоржынында 27 заң жобасы бар. Мұңда салық салу, сақтандыру қызметі, әлеуметтік қамтамасыз ету, тұрғын үй қатынасы, агроөндірістік кешен мәселелері бойынша аса маңызды заң жобалары бар. Сонымен қатар, валюталық реттеу мен валюталық бақылау туралы заң жобасының жаңа редакциясы үлкен қызығушылық тудырады», - деді Нұрлан Нығматулин.

Бұдан басқа, Парламент жыл соңына дейін Салық туралы кодексті және де өзгеде бюджетке міндетті төлемдер, кедендік реттеу мен Жер қойнауын пайдалану туралы кодектерді қарастыруды көздеп отыр.

«Заң шығарушылық қызметтің басты ерекшелігі нақты әлеуметтік бағыты бар және халықтың көкейінде жүрген мәселелерді шешумен айналысады», - деп атап өтті Мәжіліс спикері.

Естеріңізге сала кетейік,  ҚР Парламентінің екінші сессиясының жұмысы қорытындыланды.

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика