Экономика

«Оңтүстік» АИО Сарыағаш ауданындағы 1265 жобаны қаржыландырды

Бүгінде «ОҢТҮСТІК» АИО Сарыағаш ауданы бойынша жалпы сомасы 3,2 млрд. теңгені құрайтын 1 265 жобаны қаржыландырған.
Оңтүстік Қазақстан30 Маусым , 14:29

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жүзеге асырылған жобалар аясында 1 710 жаңа жұмыс орындары ашылған.

Жергілікті БАҚ өкілдерімен ұйымдастырылған кезекті пресс-тур Сарыағаш ауданында өтті.

 «ОҢТҮСТІК» АИО-нан 15 млн. тг несие алып, жұмысының тиімділігін арттырып отырған серіктестік элиталық көшеттерді отырғызу жəне көбейтумен айналысады. Алған қаржысына  өнім сақтау қоймасын салып, кассетаға көшет отырғызу құрылғысы мен кассеталарын сатып алған. Қойманың сыйымдылығы  240 тонна. Көшет отырғызу аппараты күндігіне 3 гектар жерге қажет дәнді егіп үлгереді. Еуропадан әкелінген құрылғының әзірге облыста теңдесі жоқ. Бүгінде «Сарыағаш жер сиы» серіктестігі осы желіде қызмет жасау үшін 60-тан астам жергілікті тұрғынды жұмыспен қамтып отыр. Қожалықта киви, банан, ананас сияқты субтропикті жемістер сонымен қатар жаңғақ, лимон, жүзімнің өте аз кездесетін сорттары көбейтіліп, көшеттер Алматы, Жамбыл, Қызылорда жəне Ақтөбе сияқты Қазақстанның бірқатар облыстарына жеткізіп берілуде.

Сонымен қатар, журналистер осы күні 2016 жылдың қараша айында «ОҢТҮСТІК» АИО-нан 63,5 млн. теңге көлемінде несие алып өз жұмысын бастаған «Сарыағаш-құс» ЖСШ-де болды. 

Несиені өте орынды пайдаланған кәсіпкер қаражатқа 46 мың дана шөже, оларды өсіруге қажетті жабдықтар және витаминдер сатып алған. 165 күн күтіп бағудың арқасында шөжелер тауыққа айналып бүгінде күніне 41-42 мың жұмыртқа беріп отыр. Жұмыртқалар  Сарыағаш ауданындағы дүкендерге таратылады. Серіктестікте 15 адам жұмыспен қамтылған.




Яндекс.Метрика