Қалаларға шоғырлану

Ғарыш мониторингі мәліметтерін Астананың инфрақұрылымын жақсартуға бағыттайды

Бүгін Ұлттық ғарыш орталығында ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б. Атамқұлов Ә. Исекешевпен кездесті.
Астана қаласы30 Маусым , 13:27

Кездесу барысында Министр Б. Атамқұлов Елорданың Әкімін отандық ғарыш саласын дамыту бойынша Министрліктің жұмыс үрдісімен таныстырды. Ә. Исекешевке «КazEOSat» Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) және жоғары дәлдікті спутниктік навигация ғарыш жүйесінің мүмкіндіктері көрсетілді (ЖСНЖ).

Министрлік хабарлағандай,  Жерді қашықтықтан зондтау жүйесінің деректері қала құрылысы және архетиктура, ірі инвестициялық жобалардың мониторингін іске асыруда, сандық топографиялық картаны және жобаларды іске асыруда, заңсыз жерді басып алуды анықтауда, қоршаған ортаның ластануы мен экологиялық жағдайын бағалауды анықтауда, әуе кемесінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі мониторингі үшін ойдағыдай қолдануы мүмкін, - деп атап өтті Министр.

Б. Атамқұлов қала Әкіміне жоғары дәлдікті спутниктік навигация жүйесінің арқасында жұмысы мүмкін болған созылмалы-кеңістікті объектерді ұсынды. Бұл жүйе құрылыс жүргізу және биік ғимараттарды, құрылыстарды, көпірлер мен эстакадалады пайдалану кезінде деформациялар мен жылжуларды бақылауға мүмкіндік береді..

Сонымен қатар, Ә. Исекешев GPS-технологисы арқылы қоқысты шығару онлайн-мониторингін жүргізуге мүмкіндік беретін диспетчерлеу мен мониторинг жүйесімен танысты.

Ғарыш мониторингі тұрмыстық қалдықтардын полигондардын жағдайын ғамрыш суреттері арқылы бақылауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ғарыштық мониторинг Астана қаласындағы рұқсат етілмеген жерлерде стихиялық қоқыстарды анықтауға мүмкіндік береді.

Сонымен бірге, ғарыш суреттерінің деректері геоақпараттық жүйені құру үшін негіз болады. Ол онлайн режимінде қала инфрақұрылымын бақылауға, елорда коммуналдық қызметтерін келісудегі және берудегі, ТКШ және көлік көлік жүйесін басқару жүйесін жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Ұлттық ғарыш орталығын қарау барысында Ә. Исекешев осы жылы пайдалануға беруге жоспарланып отырған Құрастыру-сынау кешені ғарыш аппараттарының және келешек Арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының тәжірибелі өндірісінің құрылыс барысымен танысты.

Кездесу соңында, Ә. Исекешев пен Б. Атамқұлов ынтымақтастықтың егжей-тегжейлі мәселеклерін талқылау үшін ҚР ҚАӨМ мен Әкімшілік өкілдері арасынан жұмыс тобын құруға келісті.

 




Яндекс.Метрика