Парламент

Парламент қабылдаған негізгі заңдар

Жоғарғы өкілдік органның екінші сессиядағы қызметі жан-жақты әрі өнімді болды. Депутаттар жұмыс барысында Ұлт жоспарын жүзеге асыруға бағытталған заңдарды жүзеге асыруға ерекше көңіл бөлді, деді Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин ҚР Парламентi палаталарының бiрлескен отырысында алтыншы сайланған ҚР Парламентiнiң екiншi сессиясы барысында.
Астана қаласы30 Маусым , 11:47

«Парламент палаталарының  депутаттары  өткен сессияда елдің басты құжаты – «Республикалық бюджет туралы»  Заңды  әзірлеу мен қабылдауға қатысты.  Құжатта  2017-2019 жылдарға арналған  бюджеттік саясаттың әдістері мен ұстанымдары анықталды», - деді ол.

Спикердің айтуынша, республикалық бюджеттің қабылданған жобасы алдағы үш жылдағы жоспар бойынша азаматтардың әлеуметтік кепілдігін  орындауды қарастырып, елдегі макроэкономикалық  тұрақтылықты қамтамасыз етеді.

 

Парламентшілер  мемлекеттік қызмет туралы заңды да қабылдады,  оның маңыздылығын  Нұрлан Нығматулин айтып өтті.

«  Екінші сессияда қабылданған  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  заңы адал қызметкерлерді тәжірибе мен біліміне қарай мансап баспалдағымен көтеруге көмектеседі. Қорытындысында, мемлекеттік аппараттағы  жұмыстың  тиімділігі артады», - деді Нығматулин.

Депутаттар «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын  жүзеге асыруға бағытталған  бірқатар заңдарды   қарау мен толықтыруға арнады.

«Атап өтсек, Парламент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы  мәселелері  бойынша толықтырулар мен өзгертулер енгізу» Заңы қабылданды. Аталмыш құжат  Ұлт Жоспарының  51 қадамын жүзеге асыруға бағытталды.

Әлеуметтік саясат саласы  Парламент палаталарының заңнамалық қызметінің басты назарында болды, деді спикер.

«Екінші сессия барысында  міндетті әлеуметтік сақтандыру заңнамасын жетілдіруге  бағытталған  заңы қабылданды. Депутаттар әлеуметтік қамсыздандыру туралы заңнамаларға да өзгертулер енгізді,  2017 жылдың  1 шілдесінен бастап  зейнетақы көлемі  2016 жылмен салыстырғанда  20 пайызға артты. Сондай-ақ, сәбидің тууылуына байланысты бір реттік жәрдемақы көлемі де  20 пайызға  артпақ. 2017-2018 жылдары  республикалық бюджеттен  төленетін   зейнетақы көлемі артады. Бұл өсім барлық зейнеткерлерді қамтиды, ол 2 млн-нан астам  қазақстандық деген сөз», - деді Мәжіліс төрағасы.

Айта кетейік, екінші сессия барысында Парламент палаталарының депутаттары  стратегиялық міндеттерді орындауға бағытталған  заңдарды әзірлеу мен қабылдауды жүзеге асырды.  Бұл жұмыстың мағынасы мен мазмұны «Қазақстан-2050» Стратегиясы»  мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспары басымдылықтарына қарай анықталды.

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика