Парламент

Н.Нығматулин: Парламенттің екінші сесиясы – жұмыс атқарған жылдар ішіндегі ең маңызды сессиялардың бірі

Екінші сессия жоғары өкілдікті орган – Парламенттің жұмыс істеген жылдары ішіндегі ең маңызды сессиялардың бірі болды. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматулин ҚР Парламенті екінші сессиясының жабылуына және парламенттік демалысқа шығуға арналған ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында мәлімдеді.
Астана қаласы30 Маусым , 10:48

«Бұл сессия еліміздің жоғарғы өкілдікті органының жұмыс атқарған жылдары ішіндегі ең маңызды сессияларының бірі болды. Ең алдымен, бұл сессия ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы кезінде өтті. Бұл мерейтойлық күн – жай ғана ұлы мереке емес, біздің барлық жетістіктеріміз, жеңістеріміз оның есімімен тығыз байланысты еліміздің Бірінші Президенті Н.Назарбаевтың баға жетпес тарихи рөлін ұғына отыра, өткенге назар аударып, жүріп өткен жолымызды бағалауға мүмкіндік беретін тарихи кезең», - деп атап өтті спикер.

Н. Нығматулин айтып өткендей, парламент мүшелері ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған тарихи Декларацияны дәл осы екінші сессияда қабылдаған болатын. 

«Декларацияда Тәуелсіз Қазақстанды құру мен қалыптастыруда орасан зор рөл атқарған Президенттің стратегиялық бағдары көрсетілген. Осы сессия Елбасының еліміздің жүйелі жаңғыруының жаңа бағытын осы кезеңде жариялауымен ерекшеленеді. Қазақстан Президенті қоғам өмірінің саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени салаларының ауқымды үшінші жаңғыруының кешенді жоспарын ұсынды», - деді ол.

Еліміздің кешенді жаңғыруының осы үш бағыты Бес институционалдық реформаны іске асыру және Қазақстанның әлемнің ең дамыған отыз еліне кіруі үшін ең жақсы жағдайларды қамтамасыз етуге арналады.

«Біріншіден, Президент өз Жолдауында технологиялық жаңғыруға жататын бес негізгі басымдықты атап көрсетті, еліміздің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімді іске қосты. Екіншіден, Елбасы түбегейлі экономикалық өзгерістермен бірге өзгерістер ауқымы жағынан 1995 жылғы Конституцияның қабылдануымен тең келетін Конституциялық реформа жүргізу арқылы мемлекеттің саяси жаңғыру процесіне бастама жасады. Бұл саяси жаңғыру біраз жылға мемлекетіміздің дамуын айқындағаны анық», - деп атап өтті спикер.

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика