Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Павлодар облысының әкімі МӘМС-ні түсіндіру бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов аппарат отырысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу барысын күшейтуді тапсырды.
Павлодар30 Маусым , 11:12

Облыс әкімдігінде өткен кеңейтілген аппарат кеңесінде денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Оразалин Нұрлан насихат жұмыстарының жүргізілуіне қарамастан тұрғындардың  жаңа жүйеге деген көзқарасы теріс пікірде екендігін айтты.

«Бұл ең алдымен, ақпарат-насихат жұмыстарының дұрыс жүргізілмеуіне байланысты, - деді Павлодар облысының әкімі. Біз мінедтті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің механизмі туралы аймақтың әр тұрғынына түсіндіруіміз керек», - деді ол.

Өкінішке қарай, қиындықтар мұнымен ғана шектелмейді екен. Қазіргі кезде, мамандар тұрғындардың тізімдерін өзектендірумен айналысып жатыр. 300 мыңға жуық МӘМС жүйесінің қатысушыларының ішінен 117 мың адамның мәртебесі айқындалған. Сонымен бірге, тұрғындардың біраз бөлігінің мәртебесін анықтау мүмкін емес.  

«Олардың саны 1340 адамды құрайды.Үй басына жүргізілген тексеріс бойынша бұл адамдар қайтыс болған. Алайда, олардың өлімі ресми түрде тіркелмеген. Адам қайтыс болғаннан кейін туыстары оның өлімін тіркеулері керек болғанымен бұл іспен айналыспаған» - деді жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы  Хелуа Кашкенова.

Болат Бақауов бұл жұмыс жергілікті әкімдердің міндеті және оны  ең қысқа мерзім ішінде аяқтауды тапсырды. Аймақ басшысы жұмыс істейтін тұрғындар туралы деректер базасын шілденің 15-не дейін толықтыру жөнінде талап қойды.




Яндекс.Метрика