АШК – Қазақстан экономикасының драйвері

ОҚО-да егін ору науқаны басталды

Оңтүстік Қазақстан облысы республикамызда алғаш боп егін ору науқанын бастап жіберді, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Южно-Казахстанская область30 Маусым , 19:12

Қазығұрт ауданындағы «Айқожа» өндірістік коооперативіне қарасты егістік алқабына комбайндар түсіп, бидайдың алғашқы өнімі  қамбаға жөнелтілді.

Жалпы Оңтүстік Қазақстан облысында  биыл 218 мың гектар бидай егілген. Одан 401 мың тонна астық жиналады деген жоспар бар. Мәселен, бір ғана  Қазығұрт ауданында 38 мың гектар алқапқа арпа-бидай егіліпті.  Диқандар гектарына 25,4  центнерден өнім жинаймыз деп ниеттеніп отыр.

 «Бүгінде біздің кооперативте жер көлемі 12700 гектарға жетіп отыр. Оның 6700 гектары тәлімді, 1000 гектары шабындық, қалғаны ауыспалы егіске жатады.    Өткен жылы 1050 гектар бидай алқабынан 24 центнерден қамбаға 2520 тонна  астық жинадық»,- дейді «Айқожа» өндірістік коооперативі төрағасының  орынбасары Саян Батырбаев. 

Қазіргі таңда мұнда орақ науқанында 30-ға жуық адам еңбек етіп жатыр. Жұмысшылардың орташа жалақасы 60 мың теңгеден жоғары. Кооперативте егін ору науқанына техника толығымен жеткілікті.

Жалпы, биылдың өзінде қазығұрттық астық егумен айналысатын қожалықтар 32 дана жаңа техникамен жабдықталыпты. 




Яндекс.Метрика