Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Жазасын өтеушілерді әлеуметтендіру Президенттің бағдарламалық мақаласын жүзеге асырудың үлгісіне айналды

Жазасын өтеушілерді әлеуметтендіру Президенттің бағдарламалық мақаласын жүзеге асырудың үлгісіне айналды. Осы орайда Астана қалалық Дін істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен ҚАЖ департаментіне қарасты түзету мекемесінде діни бірлестіктермен бірлескен маңызды шара болып өтті.
Астана қаласы 30 Маусым, 10:21

Шара барысында келген қонақтар түзеу мекемесінің барлық ғимаратын аралап көріп, ондағы жазасын өтеушілердің жағдайларымен, теологтың, психологтың арнайы мақсаттағы кабинеттермен танысты.

Аталған, іс-шара Астана қаласының әкімдігі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңестің жұмысы аясында ұйымдастырылып, болашақта жүйелі түрде өткізіледі деп жоспарлануда.

«2011 жылы ҚР Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы қабылданды және сол Заң аясында діни бірлестіктер қайта тіркеуден өтті, қазіргі таңда елімізде дінаралық татулықтың көркем үлгісі қалыптасқан, осындай татулығымызды әрқашан басқаларға үлгі етуіміз қажет», -  деді  Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Данияр Есин.

Рим-католик шіркеуінің епискобы Томаш Петта Бернард ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін айтты.





Яндекс.Метрика