ҚР ИИДМБ

Қарағандыда отқа төзімді материалдар өндіру зауыты ашылды

Қарағандыда «SevenRefractoriesAsia» отқа төзімді материалдар өндіру зауыты ашылды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қарағанды30 Маусым , 09:57

Инвестиция жалпы сомасы 1,9 млрд. теңгені құрады. 

Зауыт «Сарыарқа» арнайы экономикалық аумағында орналасқан. Облыс әкімі Ерлан Қошанов  бұл нысанның іске қосылуы – облысымыздың экономикасы үшін маңызы зор екенін атап өтті. 

« Бұл зауыт еліміздегі осындай жоғары сапалы материалдар өндіретін алғашқы кәсіпорын. Оның өнімдеріне «Қазақмыс», «АрселорМиттал Теміртау», «Казцинк» секілді ірі компаниялар мұқтаж. Егер осыған дейін олар отқа шыдамды материалдарды шел елдерден сатып алып отырса, бұдан былай оны қарағандылық өнім өндірушіден алады. Сонымен қатар біздің шет елдік серіктестерімізге алғысымды білдіргім келеді, себебі бұл зауыт шет елдік капиталдың қастысуымен салынды. Бүгінгі шара – Елбасының экеономиканы дамытуға қатысты тапсырмасының орындалып жатқанының бір белгісі», - деді Ерлан Қошанов. 

Құрылыс 2005-ші жылы басталды, зауыт 2017-ші жылдың ақпан айында іске қосылды. Жоспарланған өндіріс көлемі – жылына 45 мың тонна. Монолитті отқа шыдамды материал – ол футеровка саласындағы соңғы жетістік. 

Футеровка – болжамды механикалық, қызулық, физикалық және химиялық зақымдардан беттерді қорғауды қамтамасыз ететін арнайы қаптама. Тау-кен – металлургия, мұнай және мұнай-газ өнеркәсібінде футеровка түрлі материалдарды шамадан тыс тиеу және тасымалдаумен байланысты жабдықтарды қорғау үшін пайдаланылады. 

«Жаңа зауыт Словенияда жасалған заманауи құралдармен жабдықталған. Қазіргі таңда кәсіпорында 51 жұмыс орны ашылған, алдағы уақытта қызметкерлер саны ұлғайтылады. Зауыт өнімі әлемдік стандарттарға сай», - деп хабарлады  облыс әкімдігінде.




Яндекс.Метрика