Инфрақұрылымның дамуы

Алматыда «Балапан» бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін балабақшалар саны артуда

Алматыда балдырғандармен кәсіби тәрбиешілер жұмыс істейтін жеке коттедждерде ашылған мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінің саны артуда, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Алматы қаласы30 Маусым , 09:31

Алматы  әкімі қаланың бірқатар  мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде   болды.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек мемлекеттің жеке бала бақшаларды ашуы арқылы бюджет қаржысын үнемдейтінін, кезек қатарын қысқартатынын, ал кәсіпкерлердің «Балапан» бағдарламасы аясында қолдауға ие болатындығын айтты.

Мәселен,  Әуезов ауданында 2015 жылы бюджет есебінен 800 орынды 7 мемлекеттік бала бақша салынды, құрылысқа кеткен шығын көлемі 2,2 млрд. тенңгені құрады.  Ал, өз  кезегінде 2016 жылы бизнесмендер қаржысы есебінен 657 орынды 21 жеке бала бақша  іске қосылды, оларды  салуға кеткен инвестиция көлемі небәрі 180 млн. теңге. Демек, жеке бала бақшалар ашу есебінен 2 млрд. теңге үнемделді.

 




Яндекс.Метрика