Энергетика

Теміртауда қосымша қазандық салу жоспарлануда

Теміртаудағы ЖЭО-2-ні жылыту маусымына дайындау үшін қажетті қаражат 2,7 млрд. теңгеге ұлғайтылды.
Астана қаласы30 Маусым , 08:47

Қарағанды облысы әкімдігінен хабарлағандай, жөндеу жұмыстары үнемі билік бақылауында. Қазіргі уақытта металлургтер қаласының жылумен қамту сапасын жақсартуға септігін тигізетін қосымша қазандықты салу мәселесі қолға алынып жатыр.

«ЖЭО-2-ге тоқталар болсақ, бұл нысан облыстық және Теміртау қаласы әкімдігінің үнемі бақылауында. Бұл іс-шараларға ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық бақылау және қадағалау комитеті де қатысады. ЖОЭ-2 жөндеу жұмыстарына қажетті қаражат сомасы ұлғайтылды. Бастапқыда ол 1,8 млрд. теңге болатын, соңыра 2,1 млрд. теңгеге өсті. Қазір біз «АрселорМиттал Теміртаудан» тағы да қосымша 585 млн. теңге қаржы бөлінгені туралы растама алдық», - деді Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Анатолий Шкарупа облыстық мәслихат сессиясы барысында.

Оның айтуынша, өткен жылмен салыстырғанда ЖОЭ-2-дегі жөндеу жұмыстарының көлемі 40%-ға ұлғайған. 

«Біз Теміртау қаласындағы жылыту маусымының сапасы жақсы болатынына үміттіміз. Алайда қауіп те бар, себебі келісілген мерзімдер де өзгеріп жатыр. Мысалы алтыншы қазандық бойынша жөндеу жұмысы жылыту маусымы барысында ғана аяқталады. Дәл сондықтан қала әкімдігі қаланың ішіндегі жылу жүйелерін жылытып отыратын қосымша қазандық салу мәселесін талқыланып жатыр. Ол Теміртауды сапалы жылытуға бағытталған шара», - деп түйді өз сөзін облыс әкімінің орынбасары.




Яндекс.Метрика