Жаңа бағыттың экономикалық саясаты

«Жасыл орам» жаңа нысаны жасыл экономиканың барлық ұстанымдарын қолданады– И.Тасмағамбетов

«Жасыл орам» жаңа нысаны жасыл экономиканың барлық ұстанымдарын ұстанады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов мәлім етті.
Астана қаласы27 Желтоксан , 11:40

«Сонымен қатар қаланың дамуының бас жоспарының негізгі бағыттары қатарында Орынбор, Тұран көшелері мен «Жасыл орам» аймағында жаңа нысандарды салу қарастырылған. «Жасыл орам» бастамасын Мемлекет басшысыың өзі айтқан болатын. Мұнда жасыл экономиканың барлық ұстанымдары сақталатын болады. Бұл елорданың бейнесін өзгертіп қана қоймай, елдің де имиджін өзгертеді, қоршаған орта мен экологиялық қауіпсіздікті сақтауда әкелер үлесі орасан», - деді әкім.

Астана әкімінің айтуынша, жоба бойынша аталмыш орам Сығанақ көшесінің солтүстігінде, Тұранның күнбатысында, «Комсомольскийдің» оңтүстігі және «Жағалау» шағын ауданының шығысында орналаспақ.

«Жалпы қолданылатын алаң 146 мың метрды құрайды. Соның ішінде 100 мыңына тұрғын үй салынады. Ал 45 мың шаршы метріне сауда-ойын-сауық нысандары салынбақ», - деді қала басшысы.

Оның айтуынша, қазіргі таңда мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында жобаны қаржыландыратын инвестор да сақадай сай дайын отыр.




Яндекс.Метрика