Адами капитал

Шығыс Қазақстанның полиция қызметі техникамен 100% қамтамасыз етілмек

Шығыс Қазақстанда тәртіп сақшылары үшін 240 автомобиль сатып алынады. Бұл өңірдің полиция қызметкерлерінің техникаға мұқтаждығын толық өтеуге мүмкіндік береді, деп хабарлады өңір әкімдігі.
Шығыс Қазақстан 29 Маусым, 18:46

«Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің жеке құрамы үшін қалалық секторға Өскемен көлік зауытында құрастырылған корея маркасының жақсы көліктерін,  ауылдарға Нива көлігін аламыз. Осылайша, бізде әр түрлі аумақтарда техниканың ұтымды үйлесімі орын алатын болады», – деп хабарлады облыс әкімі Даниал Ахметов.

Бұдан бөлек, Өскемен және Семей қалаларының көшелерінде 60 бейнежүйе орнату жоспарланып отыр. Олар  жол қиылыстарында жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын тіркеп, деректерді қалалардың Жедел басқару орталықтарына жіберетін болады. Көшелерді бақылаудың күшейтілуі құқық бұзушылықтарды қысқартуға және қозғалысты анағұрлым қауіпсіз етуге мүмкіндік береді. 

Өңір басшысының айтуынша, биыл облыста Ішкі істер департаментін техникамен жарақтандыруға көңіл бөлінуде. Келесі жылы полиция қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі шешілмек. 





Яндекс.Метрика