Экономика

Бағдад қаласы Қызылордадан ет алуға ниетті

Ирак Қызылордадан ет алуға ниетті, деп хабарлады "Атамекен" ҰКП.
Астана қаласы29 Маусым , 16:39

Қызылорда облысы 175 просмотров «AlHasanat LTD» компаниясының басшысы Али Жумаа Қызылорда облысының кәсіпкерлерімен кездесті Ирактың сауда нарығындағы ет импорты жөнінен көшбасшыларының бірі «AlHasanat LTD» компаниясының басшысы Али Жумаа Қызылорда облысына келіп, Кәсіпкерлер палатасының алаңында аймақ кәсіпкерлерімен кездесті.

«Кездесу барысында алдағы уақытта бірге жұмыс жасауға келісіп, Кәсіпкерлер палатасы мен «Al Hasanat LTD» компаниясы арасында Меморандумға қол қойылды», - деді Жасұлан Серіков.

Нәтижесінде компания басшысы маусым айының екінші онкүндігінде өңірге арнайы келді. Кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Жасұлан Серіков кездесудің арқасында Ирак елінің етке деген талаптарымен танысып, екі жақсы серіктестік орнатуға мүмкіндік туды:

Аталмыш компанияның елдің ірі қалаларында сыйымдылығы айына 7 мың тоннаға жететін ірі мұздатқыштары бар. Еттің басым бөлігін АҚШ, Украина, Индия мемлекеттерінен алады екен. Енді Қазақстанмен де бұл бағытта әріптестік негізде жұмыс жасағысы келеді. Компания басшысының Қызылордаға келуі үшін Кәсіпкерлер палатасының мамандары ұзақ уақыт келіссөздер жүргізген болатын. 

 




Яндекс.Метрика