ҚР Президентінің Жолдауы

2020 жылға дейін қайта жөндеуден өткен жолдарда жүру ақылы болады

2020 жылға дейін қайта жөндеуден өткен ұзындығы 6,5 мың шақырым жолдан жүріп өту ақылы ету жоспарланып отыр. Бұл туралы ОКҚ-дағы баспасөз конференциясында ҚР Ұлттық экономика министрлігі салалық экономика департаментінің директоры Ержан Қазынбаев хабарлады.
Астана қаласы29 Маусым , 16:12

Е.Қазынбаев атап өткендей, елімізде 2013 жылдан бастап ұзындығы 220  шақырым Астана-Щучинск бағытындағы жалғыз ақылы жол жұмыс істейді. Бүгінде шамамен 4 млрд теңгедей қаражат жинастырылды, оның барлығы аталмыш жолдың күтіміне жұмсалады.

ОКҚ-дан хабарлағандай, б8г3нде «Батыс Еропа - Батыс Қытай» халықаралық дәліздің құрылысы мен қайта жөндеу жұмыстары аяқталды. Оны 2019 жылға дейін ақылы ету жоспарлануда.

Бұдан басқа, ағымдағы жылы ұзындығы 469  шақырым болатын «Астана-Теміртау», «Алматы-Қапшағай», «Алматы-Қорғас» бағыттары бойынша төлемақыны қабылдау жүйесін салуды бастау жоспарлануда. Сонымен қатар, республикалық маңыздағы ұзындығы 5,5 мың шақырым жолда  төлем қабылдау жүйесін жобалау көзделген. Жыл соңына қарай аталмыш жүйе өзбетінше жұмыс істейтін болады және де келер жылодан бастап түбегейлі енгізіледі.   

Е.Қазынбаевтың айтуынша, болашақта барлық ақылы жолдарға гибридті жүйе енгізілетін болады, яғни ақылы учаскіге кіру еркін болады, ал төлем шығар кезде қолма қол немесе өзгеде төлем түрлері арқылы  қабылданады.

Естеріңізге сала кетейік, Елбасының халыққа Жолдауында жаңа және қайта қалпына келтірілген жолдарды кезең-кезеңімен ақылы ету  туралы айтылған. Бұл бағыт «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. 




Яндекс.Метрика