Денсаулық сақтау саласындағы негізгі басымдықтар

И. Тасмағамбетов: 2014 жылдың соңында елорданың емханаларындағы кезектің сұрағы шешіледі

2014 жылдың соңында елордалық емханаларда кезек болмайды. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов мәлімдеді.
Астана қаласы27 Желтоксан , 11:43

«Өткен жылы екі ауруханадан бөлек, емхана да қолданысқа берілді. Желтоқсан айында 500 адамға арналған амбулаторлық-емханалық кешен жүзеге асты.

Сондай-ақ, И. Тасмағамбетовтың айтуынша, жаңа медициналық мекемелердің ашылуы емханалардағы кезекті сейілтеді.

«2014 жылдың екінші жартысында сол жағалаудағы 19 көшесінде 500 адамға арналған амбулаторлық-дәрігерлік кешен ашылады. Сондай-ақ, Ильинка ауылы Досмұхамбетов көшесіндегі емхана нормативті жұмыс режиміне көшеді. Яғни, біз 2014 жылы емханаларда кезек болмайды», - деді қала әкімі.




Яндекс.Метрика