ҚР Президентінің Жолдауы

Таразда 922 жер телімі анықталды

Тараз қаласында 922 жер телімі анықталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру туралы» тақырыбында өткен брифингте мәлім болды.
Астана қаласы29 Маусым , 15:57

Бүгінгі таңда, Тараз қаласында 922 жер телімі анықталды оның ішінде 250 жер телімі өз қаражаты есебінен бірыңғай типтік жобамен құрылыс жүргізетін  кезекте тұрған азаматтарға беріледі.Қалған 672 жер теліміне жеке компаниялардың қаражаты есебінен барлық ниет білдірген кезектегілерге және бұл жерде «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ қаражатының механизмін тарту көзделуде.

««Нұрлы - Жер» мемлекеттік бағдарламасы әкімдікпен 2017 жылдың 1 қаңтарынан басталғанын, бірақ ол тек мемлекеттік бюджеттің есебінен және көпқабатты үйлердің құрылысында екенін атап өтті.Бұл жерде, Тараз қаласында 3 көп қабатты үйлердің құрылысы басталып, оның Арай шағын ауданындағы 2 үй жыл аяғына дейін, ал қалған 1 үй 2018 жылы Карасу шағын ауданында пайдалануға беріледі», - деді Жамбыл облысы әкімінің орынбасары  Ғалымжан Райылұлы.

Бұл бағытта жұмыстар жалғасуда бюджет қаражы есебінен 37 көп қабатты тұрғын үйдің жоба-сметалық құжаттары дайындалуда.

 Сонымен қатар, «Нұрлы - Жер» бағдарламасын орындау мақсатында 2 алқаптың егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы дайындалды олар: 15 мөлтек ауданы Тараз қаласының солтүстік - батыс жағы 362,2 га, Сүлейменов көшесінің аяғында және 14 мөлтек ауданы, Тараз қаласының  оңтүстік-шығыс бөлігі 100 га автобекеттің онтүстік жағында.

Алқаптар мемлекеттің меншігінде және ешқандай ауыртпалықтар жоқ аталған алқабтарда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды жүргізу жұмыстары аяқталу барысында.

«Өздеріңіз білетіндей «Нұрлы-Жер» бағдарламасының пилоттық жобасында облыстық орталықтардың аумағында бірыңғай типтік жобамен жеке тұрғын үйлердің құрылысын салу көзделген, - деп айтты облысы әкімінің орынбасары.

Бағдарламаның басты талаптары: жеке тұрғын үй салу барысында бірыңғай типтік жобаны ұстану туралы және су электр жүйелерін жүргізгені үшін мемлекеттің шығындарын өтеу туралы тәртібі Тараз қаласы әкімдігімен бекітілді. 




Яндекс.Метрика