Басқару

Автожол саласында бюджеттік есептен 4 жоба жүзеге асырылады

Автожол саласында бюджеттік есептен 4 жоба жүзеге асырылады,деп хабарлады Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы29 Маусым , 15:12

Қазіргі таңда бюджеттік қаражат есебінен 4 жаңа жоба -  Бейнеу-Ақжігіт, Щучинск-Зеренді, Таскескен-Бақты, Үшарал-Достық жобаларының құрылыс жұмыстары басталды. Өскемен-Зырян-Рахман бұлағы жобасы бойынша конкурс қорытындысы күтілуде.

 «Халықаралық қаржы институттарының (ДҚХБ, АДБ, ЕДҚБ, ИДБ және ҚХР Эксимбанкі) займдары есебінен  ұзақтығы 2 184 шақырым болатын 10 жобаны іске асыру басталады. Олар: Талдықорған – Өскемен, Күрті –Бурылбайтал, Меркі – Бурылбайтал, Ұзынағаш – Отар, Қалбатау – Мақат, Атырау –Астрахань және Жетібай – Жетіөзен. Қазіргі таңда Қандыағаш – Мақат автожолының учаскесі бойынша АДБ займы туралы келісімге қол қойылды. Құрылыс жұмыстарын биыл шілдеде бастау жоспарланып отыр. Күрті – Бурылбайтал, Ұзынағаш – Отар, Жетібай – Жетіөзен жобалары бойынша займдар туралы келісімге қол қою жоспарлануда. Оларды ратификациялау аяқталғанда келісім-шарттарға қол қойылады»,-деді Мереке Пішембаев.

Ислам даму банкі займдары есебінен қаржыландырылатын Ақтөбе – Қандыағаш, Атырау– Астрахань автожолдарының учаскелері бойынша келісімдерге қол қою биылғы жылдың ІІ жартыжылдығына жоспарлануда. Құрылыс жұмыстарын келісімдерге қол қойылғаннан кейін бастау жоспарланып отыр.

Жалпы алғанда, 4,4 мың шақырымда құрылыс және реконструкция жұмыстарын жүргізу және шамамен 100 мың адамды жұмылдыру жоспарланып отыр. Жұмыс барысында 95 пайыздан астам Қазақстанда өндірілген материал пайдаланылады.

Биыл мемлекеттік бағдарлама аясындағы жобаларды жүзеге асыруға 356,2 млрд. теңге бөлінді. Оның ішінде жалпы ұзақтығы 1,2 мың шақырым болатын Орталық-Оңтүстік, Орталық-Шығыс, Бейнеу-Ақтау, Ақтөбе-Атырау, Қапшағай-Талдықорған, Астана-Петропавл және Орал-Каменка жобаларының құрылыс жұмыстарын жалғастыруға ұлттық қордан 143,5 млрд. теңге бөлінді.

ҚР ИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Мереке Пішембаевтың айтуынша, 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында аталмыш жобалардың  құрылыс-монтаждау жұмыстары жылдық жоспар бойынша 32%-ға орындалды.

«Нақты айтқанды, 3 мың м3топырақ төселді, 22 шақырымға төсеніш қабаты салынды, жол табанының 90 шақырым төменгі және 33 шақырым жоғарғы қабаты, 42 шақырым төменгі және 75 шақырым жоғарғы қабатының жабыны, 45 шақырым цементбетонды жабын төселген.Жыл қорытындысында аталмыш жобалар бойынша 602 шақырымды аяқтау жоспарлануда. Соның ішінде Бейнеу-Ақтау және Алматы-Талдықорған автожолы толық аяқталады», - деді М. Пішембаев.

 




Яндекс.Метрика