Адами капитал

Қазақстан облыстарында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің күндері өтеді

Қазақстан облыстарында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің күндері өтеді, деп хабарлады Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы29 Маусым , 13:31

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің айтуынша, мұндай шаралар аумақтық жұмыспен қамту орталықтарына ақпараттық-насихаттық жұмысты ұйымдастыруға әдістемелік көмек көрсетуге жол ашады.

«Бұл бірінші кезекте, жасы мен басқа да себептерге байланысты онлайн-ресурстардағы қызметтер мен ақпаратқа қол жеткізе алмайтын азаматтарымызға қатысты маңызды дүние болып отыр», - дейді Тамара Дүйсенова.

Азаматтармен кездесулерде зейнетақы мен жәрдемақыны біртіндеп көтеру, базалық зейнетақыны тағайындаудағы жаңа тәсіл ерекшелігі мәселелері жөнінде егжей-тегжейлі мәліметтер ұсынылатын болады. Сонымен қатар, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасындағы мүмкіндіктер көкжиегі өз алдына бөлек тарқатылады деп жоспарлануда. 

1 шілде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың басшылығымен, жұмыс орындарын сақтау туралы қол қойылған меморандум қағидаларын сақтау жайлы жұмыс берушілермен, “Е-Халық” бағдарламасы аясында халыққа қызмет көрсету, атаулы әлеуметтік көмектің жаңа сипатын енгізу, “Өрлеу” жобасы бағыттарына қатысты ауылдық округтер әкімдерімен кездесулер өткізіледі.

Мүгедектер құқығын қорғау, мүмкіндігі шектеулі жандарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және нысандарды мүгедектерге қолжетімді болатындай бейімдеу түйткілдері де мұқият сараланбақ. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін үкіметтік емес ұйымдармен және белсенді қоғамдық бірлестіктермен жүздесу кезінде әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту тұжырымдамасы талқыланбақ.

Бұдан тыс, министрдің Солтүстік Қазақстан облысының бірқатар аудандарын аралап, жергілікті тұрғындардың мәселесін шешуде жастармен және ауылдық округтер активтері өкілдерімен кездесетіні көзделуде.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басшылығы, еңбек заңнамасындағы қазақстандықтардың құқығы мен мемлекет тарапынан берілетін саналуан көмек түрлерін алу мүмкіндіктері жайлы өзекті мәліметтерді жеткізу мақсатында, өңірлерде қабылдаулар жүргізуді ұйғаруда. Сондықтан тиісті Министрлік күндері еліміздің барлық облысында өтпек.




Яндекс.Метрика